Пишем
Қазақ тіл білімінің мәселелері
25 августа, 22:48Филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Жүнісбек ұзақ жылдардан бері қазақ тіл білімінің фонетика саласымен: тіліміздегі дауысты және дауыссыз дыбыстар жүйесі, сингармонизм заңы, орфография мен орфоэпия және т.б. кешенді түрде айналысып келеді.
Сонымен бірге ғалым – бүгінгі таңда ең өзекті болып отырған мәселе – төл жазуымызды латын қарпіне көшіру ісін алғашқы күннен бастап қолға алып, осы салаға теориялық әрі практикалық тұрғыдан белсенді үлес қосып келе жатқан бірден-бір жетекші маман.
Сондықтан да қолдарыңыздағы жинаққа автордың қазақ фонетикасы мен фонологиялық жүйесін және латын қарпіне көшудің өзекті мәселелерін сөз еткен басты-басты еңбектері енгізіліп отыр. Кітап қазақ тіл білімі және түркітану мәселелерімен айналысып жүрген филолог мамандарға арналған.
другие статьи
-
Қазақша «SÓILE»!
9 июня, 11:30 -
«Soyle.kz» - Сөйле означает «говори»
22 мая, 17:28 -
Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан
18 сентября, 12:06 -
Аксакал казахской литературы и его "Кровь и пот"
9 сентября, 21:32

