Новости и объявления
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРДЫҢ САНЫ 12 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ
14 июня, 13:27
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді - деп жазды ҚазАқпарат.
«ҰБТ-ға дайындық үшін теңдесі жоқ жағдайлар жасалды! Ұлттық тестілеу орталығының сайтында әр пән бойынша дайындық тестілерінің 70 бірегей нұсқасы тегін орналастырылды. Қашықтан оқыту жағдайында мемлекеттік бітіру емтихандары өткізілмеді, ал аттестаттар жылдық бағалар негізінде берілді. Мектеп бітірушілері IV тоқсанда өткен материалды қайталап, бекітеді. Сондықтан ҰБТ-да 11 сыныптағы соңғы тоқсанның сұрақтары болмайды» делінген ҚР Білім және ғылым министрлігі мәліметінде.
Айта кетейік, ҰБТ тапсыру барысында калькулятор қолдануға рұқсат етілді, олар үстелде тұрады. Тестілеу уақыты 4 сағатқа дейін ұзартылды.
«Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсырушылардың саны 12 пайызға артқан. Өтініштер алғаш рет онлайн қабылданды», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық бірыңғай тестілеуге тыйым салынған заттарды алып өтпек болғандар биыл оқуға түсу мүмкіндігінен айырылады .Барлық құқықтар сақталған. Материалды көшіріп бассаңыз
https://turkystan.kz
другие статьи
-
"Проект для души": москвичи учат казахский язык
4 октября, 20:11 -
БҮРКІТ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ 20 ДЕРЕК
13 октября, 15:22 -
АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫ «APPLE» ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
7 сентября, 14:19 -
ТЕЛЕФОНМЕН СӨЙЛЕСУ / РАЗГОВОР ПО ТЕЛЕФОНУ
5 апреля, 4:07 -
Язык online "SOYLE.KZ": говори, учи, играй!
15 сентября, 15:59 -
Какие буквы хотят исключить из казахской латиницы
6 марта, 16:26
