Слабовидящим
Поиск

Полезно знать

Оқушы уақытты тиімді пайдалануы үшін

27 февраля, 15:05

Оқушылар дене бітімі, зеректік, сезімталдық қасиеттері мен қабілеттері жағынан бір-бірінен өзгеше болып келеді. Бір оқушының өз еркімен және жылдам үйренген бір дәрісі басқа оқушыға қиынға соғуы мүмкін. Басқа оқушы тез шаршауы мүмкін немесе сол мезетте сабақ оқуға ынтасы болмауы мүмкін. Осы себепті дәріске немесе бір тақырыпқа кететін уақыт оқушыға қарай өзгере береді. Әр оқушы уақытты өзіне ыңғайлап тағайындайды.

Бір сағат сабақ оқығаннан кейін 5-10 минуттық үзіліс жасау пайдалы. Осы арқылы бір сағаттық сабақтың соңындағы тараған зейін мен өнімділік қайта қалпына келеді. Сабақ оқу үшін қажетті күш-қуаттың қалыптасуы үшін ойын-сауық пен спортқа да уақыт бөлу керек. Алайда бұл уақыт қажетті мөлшерден асып кетпеуі тиіс.

Оқушылар арасында жасалған анкетаның нәтижесінде уақыт жоғалтуға себепші болатын басты факторлар ретінде ұялы телефонмен ойнау, сөйлесу, компьютер немесе планшетпен ойнау, достармен ойнау, теледидар көру және т.б. себептер анықталған. Жоғарыда атап өткеніміздей бұларда да шектен аспауға мән беру керек. Компьютер ойындарының, теледидардың тұтқынына айналып қалмау керек. Телефонмен ұзақ сөйлесулерден тыйылу қажет. Күн ішінде немесе апта ішінде жасайтын істеріңізді, мақсаттарыңызды белгілеп, жоспарлап, бұларды жазып жүру осы мақсаттарға жету, бұған ынталану және анализ жасау тұрғысында пайдалы болып келеді. Жазылған істерді маңыздылығына қарай ретке келтіріңіз және сіз үшін қайсыларының маңызды екендігіне сенімді болыңыз.

Уақытты тиімді пайдаланудың көмекші факторлары:

- Мақсаттарыңызға ден қойыңыз. Ең маңызды амалдарыңыз мақсатқа жетуде сізге ең пайдалы болатындары.

- Күнделікті мақсаттарыңызды, жоспарларыңызды белгілеңіз және орындаңыз.

- Уақытыңызды қалай қолданып жатқандығыңызды анализ жасау үшін периодтық түрде уақыт аралықтарын жазып отырыңыз. Жаман әдеттеріңіз бар болса оларды тастаңыз.

- Мақсаттарыңызға жету үшін атқарған әрбір ісіңізге анализ жасаңыз. Не істегеніңізді, қашан және не үшін істегеніңізді анықтаңыз. Өзіңізден «мұны істемесем не болар еді?» деп сұраңыз. Егер жауабы «ештеңе» болса, ол істі тоқтатыңыз.

- Уақытыңызды жоспарлаңыз. Әр апта үшін жоспар құрыңыз. Өз-өзіңізден сұраңыз: «Бұл аптаның соңына дейін не нәрселерді бітіруді көздеп отырсың және осы нәтижеге жету үшін не істеу қажет?»

- Әр күні жасалуы қажет істердің тізімін жазыңыз. Бұл тізімдегі күн ішіндегі мақсаттардың маңыздыларын орындау үшін шамамен қанша уақыт кететінін есепке алыңыз. - Жалпылама күннің алғашқы сағаттары өнімдірек келеді.

- Орындайтын әр бір іс үшін жасалу уақытын жоспарлаңыз.

- Кейбір істердің неліктен қате нәтиже бергенін анықтаңыз. Бұл сұрақтың жауабын тапқаныңызда мәселе өздігінен шешіледі. 

- Бастаған ісіңізді соңына дейін бітіруді әдеттеніңіз. Бір істен басқа іске секіріп кетпеңіз, артыңызда жарым қалған бірнеше іс қалдырмаңыз. Кейінге қалдыруды, кешіктіруді тоқтатыңыз.

- Уақытты тиімді, жоспарлы пайдалануды күнделікті дағдыға айналдырыңыз. Мақсаттарыңызды белгілеңіз, бірінші реттегі орындалуы қажеттілерін реттеп уақытыңызды жоспарлаңыз.

- Жоспар құру, анализ жасау үшін күнделік арнауға болады. Бұл аталғандар оқушының ғана емес, үлкендердің де кәдесіне жарамды құралдар. 

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://soyle.kz/article/view/447
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!