Полезно знать
Ең әсерлі 3 қазақ киносы
15 ноября, 1:23Кино – әдебиеттің кенже баласы іспетті. Оны түсіру оңай дүние емес. Қазақ киносының өз биігі бар. Отандық фильмдер кейінгі уақыттарда жақсы жетістіктерге жетіп келеді. Бұған соңғы жылдары шыққан қазақ киноларына қарап көз жеткізуімізге болады. Сонымен, сіз көру керек 3 қазақ киносын айтып көрмекпіз.
Анаға апарар жол
Жылы: 2016
Елі: Қазақстан
Жанры: драма, тарихи
Премьерасы: 8 қыркүйек, 2016 жыл
Режиссері: Ақан Сатаев
Рөлдерде: Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Болат Әбділманов, Азамат Сатыбалды, Ерлан Кәрібаев, Әділ Болатаев, Мерей Мақажан, Темірлан Айтілеу
Қысқаша мазмұны: «Анаға апарар жол» картинасының негізгі сюжеті ана махаббатының қуатты күшінен бастау алады. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкер үйіне барар жолда кездескен ауыр қинышылықтарды жеңіп шығады. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халқының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді.
Аманат
Жылы: 2015
Елі: Қазақстан
Жанры: драма, тарихи
Премьерасы: 19 мамыр, 2016 жыл
Режиссері: Сатыбалды Нарымбетов
Рөлдерде: Берік Айтжанов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Азиз Бейшеналиев, Санжар Мәдиев, Дулыға Ақмолда
Қысқаша мазмұны: Фильм нақты тарихи оқиғаларға негізделген. Фильмде бірнеше оқиға параллельді көрсетіледі. Біріншісі – 19-ғасырда өмір сүрген Кенесары ханның өмірінің соңғы жылдары, екіншісі – Кенесары жайлы зерттеулер жүргізген Ермахан Бекмахановтың жастық шағы мен қуғынға ұшыраған жылдары, үшіншісі – Ермахан Бекмахановтың өмірін зерттеумен айналысқан жас журналист Рамазан Думанның бастан өткізгендері. Шиеленіске толы үш оқиға қатар өрбитіндіктен, көрермен қабылдауына ауыр тиетін тұстары да бар.
Асланның сабақтары
Басқа атауы: Уроки гармоний
Жылы: 2013
Елі: Қазақстан, Германия, Франция
Жанры: драма
Премьерасы: 14 ақпан, 2013 жыл
Режиссері: Әмір Байғазин
Рөлдерде: Тимур Айдарбеков, Аслан Анарбаев, Мұхтар Аңдасов, Әнел Әділбекова, Омар Әділов, Әділет Анарбеков, Дәулет Анарбеков, Нұрсұлтан Нұрбергенов, Нұрдәулет Оразымбетов, Ерасыл Нұржақып
Қысқаша мазмұны: Медициналық тексеру кезінде 13 жасар Асланды сыныптастарының алдында кемсітеді. Бұл оқиға оның іште бүгулі жатқан мінез-құлықтарының өршуіне алып келеді. Өзіне деген сенімсіздіктің салдарынан тазалық пен кемел болуға ұмтылады, төңірегіндегінің барлығын бақылауда ұстауға тырысады. Аслан қазақ ауылында әжесімен бірге тұрады, оның компульсивтілігі ақырында күрделі жағдайларға алып келеді...
madeniportal.kz
другие статьи
-
Үйден шықпай қазақша үйрен
2 апреля, 0:29 -
Завершен 1 этап турнира "Кто умнее?"
18 октября, 22:06 -
Для чего москвичи учат казахский язык: история из первых уст
25 августа, 22:23 -
«Хрестоматия казахской скрипичной музыки»
10 июня, 12:02 -
Более 19 тысяч учеников жамбылских школ будут учиться традиционно
13 августа, 11:33