Полезно знать
Сақтық бата
6 ноября, 14:03
Дұшпанның табасынан сақта,
Достың наласынан сақта.
Өмір бойы жазылмайтын,
Жүректің жарасынан сақта.
Шарасыз шерменде болғаннан сақта,
Мезгілсіз солғаннан сақта.
Ағайынға көзтүрткі болып,
Сүмірейтіп қорлаудан сақта.
Сенгенің сатып кеткеннен сақта,
Дұшпан алдында шөккеннен сақта.
Қарғап-сілеп тамам жұрт,
Қаһарын төккеннен сақта.
Үгіліп жылағаннан сақта,
Араша сұрағаннан сақта.
Амалың құрып есеңгіреп,
Қайтып тұрмастай құлағаннан сақта.
Кесапаттың зәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта.
Қол жайып тілеген пендеңді,
Пәле-жаланың бәрінен сақта.
Әумин!
другие статьи
-
Вышла семейная комедия "Каникулы off-line 2"
14 апреля, 0:06 -
Портрет Аль-Фараби из осенних листьев создали в Алматы
31 октября, 1:26 -
Благие желания – Құтты болсын! / материал к уроку 6
3 декабря, 0:41 -
Мұқағали Мақатаев - Түнгі Алматы
6 ноября, 14:06 -
Стартовал первый этап конкурса «Лучший преподаватель вуза»
14 ноября, 15:23
