Читаем
Асанова Ж. Қазақ тілінің синтаксисі
18 сентября, 11:59Синтаксис – грамматиканың морфология сияқты өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, əрі өзара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын обьектілері тілдің грамматикалық құрылысының мəселелері болады; морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді.
Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай екі салаға бөлінеді; 1) Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тəсілдері мен формалары, сөз тіркесінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады. 2) Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы қарастырылады.
Синтаксис бұл мəселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нəрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болумен қатар, олар да синтаксистен байланысын үзбейді.
другие статьи
-
Отмечать День Абая как день казахской литературы предложил ректор
10 августа, 20:12 -
Проект «Изучаем казахский язык всем домом» запускают в Павлодаре
5 сентября, 12:30 -
Легенда «Қыз Жибек»
9 декабря, 10:40 -
Мағжан Жұмабайұлы қандай тамақты нәрестеге зиянды деп айтқан?
11 сентября, 23:09 -
«Қол ұшын беру-подавать руку помощи» материал к 26 уроку
27 ноября, 0:00 -
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
10 июля, 17:09

