Новости и объявления
КӨШЕРБАЕВ МЕКТЕПТЕРГЕ ЖАҢА ПӘН ЕНГІЗУДІ ҰСЫНДЫ
5 сентября, 12:01
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев білім және ғылым министрлігі орта мектептерде отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиеге бағытталған арнайы пән енгізу керектігін айтты.
«Қазіргі таңда жұртшылықпен жұмыла талқылауды қажет ететін тағы бір көкейкесті рухани тақырып – отбасы мәселесі. Жалпы, жаһандану заманында ұлт ретінде сақталып қалу үшін отбасыдағы ұрпақ тәрбиесінің мәні зор. Осыған орай, Білім және ғылым министрлігінің орта мектептерде отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиеге бағытталған арнайы пән енгізу бойынша ұсыныстар енгізетін кезі келді деп ойлаймыз. Сонымен бірге, белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен көпбалалы аналардан құралған ата-аналар ұйымын құрып, министрлікпен бірлесіп «Отбасы – орта мектеп» атты жастарға тәрбие берудің жалпыхалықтық әдістемесін әзірлеу қажет деген ойдамыз», – деді Көшербаев.
Алматыда жиын өткізген Көшербаев рухани жаңғыру бағдарламасына қатысты да біраз ой айтып, талқылауға ұсынған.
Дереккөз: arasha.kz
другие статьи
-
"Туған күн" мен "туылған күн" сөздерінің ажырату
5 июня, 0:41 -
Абайдың әндері
15 февраля, 2:00 -
Вопрос формата школьных учебников поднял Асхат Аймагамбетов
4 сентября, 12:42 -
Казахский язык в таблицах и схемах
29 марта, 5:59 -
Казахстанские артисты будут давать концерты в режиме онлайн
23 марта, 8:44 -
Soyle со мной
25 мая, 13:44
