Читаем
Абай мен Қисық
6 мая, 2:08
Құнанбай ел ішінің бір шаруасымен он сегіз жастағы Абайды іргелес отырған Сыбан руының биі Қисық деген кісіге жіберіпті.
Абай барғанда бидің алдына екі адам жүгініп келіп отыр екен. Қисық би әуелі талапкердің арызын тыңдайды да, содан соң жауапкерге зілдене қарап:
- Е, Боқбасарым-ай, атыңды да әкең тауып қойған екен, әлі де қанша боқты басып, ізіңді бұлғар екенсің! Қане, сөйлеші! – депті (жауапкердің аты осылай екен).
Бидің ә дегендегі мынадай зілді сөзінен жауапкер ығып, жасып қалса керек. Сонда жас Абай Қисыққа тура қарап:
- Биеке, бүлдірген деген жемістің аты жаман болғанымен, бүлдірген түгі жоқ, дәмі тәтті. Ат үстіндегі адам әдейі жерге түсіп, жата қалып теріп жейді. Алма деген жеміс бар, «алма» дегеніне қарамай, әркім-ақ соны құштарлана алып жейді. Сол сияқты әр нәрсенің адал-арамы атына байланысты емес, затына байланысты болса керек. Боқаңның атына қарамай, сөзінің затына қараңыз. Егер әр іс атқа ғана тірелетін болса, осы адамдар турашылдықты тілеп сіздің алдыңызға келмес те еді ғой, - депті. (Бидің аты Қисық, одан түзу шешім тілеуге бола ма? – деген ишара ғой)
Сонда би үнсіз отырып қалып, аздан соң ғана даугерлерге:
- Кейін келерсіңдер, - депті де өзі ұялып төмен қарай берген екен.
другие статьи
-
Бюст Абая установили во Дворце Наций в Женеве
22 декабря, 6:00 -
Әке мен балаға арналған жаңылтпаштар
11 сентября, 23:27 -
Тіліміздегі әр сөз – Шежіре
28 июля, 22:05 -
Мемлекеттік тілді талап ететін уақыт жетті – Тіл комитетінің төрағасы
26 сентября, 11:56 -
Кушербаев принял участие в презентации сборников казахской литературы
14 февраля, 16:33