Новости и объявления
Тұрақты даму және инновациялар бойынша III Орталық Азиялық форумы
17 апреля, 16:24
Бүгінде, яғни 2020 жылдың 10 сәуірінен 20 сәуірге дейін Тұрақты даму және инновациялар бойынша III Орталық Азиялық ғылыми форумы онлайн өтіп жатыр.
Форумды Ұлыбританиядағы қазақстандық PhD Ассоциациясы, Лафборо Университеті (Ұлыбритания), Елбасы Қоры мен қор жанындағы ғылыми кеңестің қолдауымен Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі ұйымдастырған. Форум сессиялары индустрия, денсаулық сақтау, білім беру, сандық технологияны дамыту және т.б. шешімдер мен идеяларды талқылауға бағытталған. Сессиялар өте мазмұнды әрі қызықты. Мысалы, «Денсаулық» сессиясының бірінде коронавирусқа қарсы күрес туралы айтылды. Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры, биохимия саласындағы Ph.D (Техас A&M университеті) Ерлан Раманқұлов «Использование вирусов растений для борьбы с коронавирусом - транзиентная экспрессия белка в растениях» тақырыбында баяндама жасады. Ұлыбританиядағы Қазақстандық PhD қауымдастығы атынан жас ғалымдар, практик неврологтар және офтальмолог-хирургтар да сөз сөйледі.
Қатысушы ретінде сілтемесі бойынша тіркелуге болатындығын естеріңізге саламыз https://www.kpauk.org/kz/online-forum/ Бұл жерде форум бағдарламасы да бар
другие статьи
-
Димаш Кудайберген анонсировал новые песни
31 октября, 1:24 -
Алғыс пен ақ тілектер – благодарность и светлые пожелания
3 декабря, 0:29 -
Қазақстанды әлемдік ғылыми ортада танытқым келеді
20 октября, 13:52 -
Абай мен Қисық
6 мая, 2:08 -
Где в Актобе можно бесплатно выучить казахский язык?!
3 марта, 2:27 -
"ON TULGA" - ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТАДЫ
15 ноября, 1:15
