Пишем
Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний ( Н )
5 марта, 5:10Сборники Рауля Керимбаева – это живая разговорная речь, они отличаются от от всех других сборников, в которых собраны стандартные фразы по различным темам.
Краткий русско-казахский сборник фраз и устойчивых словосочетаний
В быту, Н
| На берегу святого Иртыша. | Қасиетті Ертіс жағасында. |
| На всех трудно угодить. | Жұрттың бәріне жағу қиын. |
| На женщину и голос повысить – преступление. | Әйелге дауыс көтеру де қылмыс. |
| На казахском языке. | Қазақ тілінде. |
| На какое число ты взял обратный билет? | Қайтар билет қай күнге алдың? |
| На какой срок привезли ребёнка? - Пусть останется на пару недель. Ненадолго. |
Баланы қанша уақытқа алып келдіңдер? - Бір-екі апта қала тұрсың. Көп емес. |
| На каком этаже Вы живёте? - На третьем этаже. |
Сіз нешінші қабатта тұрасыз? - Үшінші қабатта. |
| На кого ты хочешь нас оставить? | Бізді кімге тастап кеткің келеді? |
| На колени! Встань на колени и признайся. | Тізерле! Тізерлеп отыр да мойында. |
| На людей ему наплевать. | Оның адамдарға түкіргені бар. |
| На наш вопрос он не сказал ни «да, ни «нет». | Сұрағымызға не «иә» демеді, не «жоқ» демеді. |
| На небе одна звезда радостно улыбается. | Аспанда бір жұлдыз жымың-жымың етеді. |
| На нём белая рубашка, чёрные брюки. | Үстінде ақ көйлек, бұтында қара шалбар. |
| На них никогда нельзя надеяться. | Олардан ешқашан үміт күтуге болмайды. |
| На память. | Естелік ретінде. 2. Естелікке. |
| На поставленный Ваш вопрос точный ответ дать не могу. | Қойылған сұрағыңызға нақты жауап бере алмаймын. |
| На работу я не устроился. | Мен жұмысқа орналасқан жоқпын. |
| На рыбалку пойдёшь? | Балық аулауға барасың ба? |
| На себя посмотри! | Өзіңе қарап ал! |
| На сегодня хватит. | Бүгінге жетер. |
| На сегодняшний день. | Бүгінгі таңда. |
| На старости лет твой отец с ума сходит. | Қартайғанда әкең құтырып жүр. |
| На сто долларов будешь спорить? | Жүз долларға бәстесесің бе? |
| На улице дует сильный ветер. | Далада қатты жел соғып тұр. |
| На улице идёт дождь. | Далада жаңбыр жауып тұр. |
| На улице не отхаркивайся, стыдно будет! | Көшеде қақырықтап түкірме, ұят болады! |
| На экзамене «двойку» получил что ли? | Емтиханнан «екі» алып қалдың ба? |
| На этом всё. | Осымен бітті. |
| На этот раз будет по-другому. | Осы жолы басқаша болады. |
| На этот раз поступили правильно. | Осы жолы дұрыс істедік. |
| На, возьми, и исчезни! | Мә, ал да, көзіңді жоғалт! |
| На, возьми, тебе гостинцы. | Мә, ал, саған базарлық. |
| На, держи. | Мә, ұста. |
| Наверное, успеем. | Үлгеретін шығармыз. |
| Наглая ложь. | Арсыз өтірік. |
| Над чем смеёшься? | Несіне күлесің? |
| Надвигается буря. | Боран келе жатыр. |
| Надеюсь, что Бог поможет. | Құдай көмектесер деп үміттенемін. |
| Надеюсь, что ничего не случилось. | Ештеңе болмаған болар деп үміттенемін. |
| Надо всё хорошо обдумать. | Бәрін жақсылап ойластыру керек. |
| Надо найти выход из этого положения. | Бұл жағдайдан шығатын жол іздеу керек. |
| Надо пойти, а то стыдно будет. | Ұят болады, бару керек. |
| Надо сходить в магазин. | Дүкенге бару керек. |
| Надоело сидеть дома, решил немного развеяться. | Үйде отырудан жалықтым, біраз бой сергітіп қайтайын дедім. |
| Найдётся какой-нибудь выход, не переживай. | Бір амалы табылар, уайымдай берме. |
| Найми частного репетитора. | Жеке үйретуші жалда. |
| Накажите его, как следует. | Жақсылап жазасын беріңдер. |
| Наклонись-ка, я скажу тебе кое-что на ушко. | Еңкейші бері, құлағына бірдеңе айтайын. |
| Нам лучше не общаться. | Араласпағанымыз дұрыс болады. 2. Алыстан сыйласқан дұрыс. |
| Нам лучше уйти. | Кеткеніміз дұрыс болады. |
| Нам надо их поддержать. | Оларға демеу болайық. |
| Нам надо найти тебе помощника. | Саған көмекші табуымыз керек. |
| Нам не было легко. | Бізге оңай болған емес. |
| Нам не нужны лишние разговоры. | Бізге артық әңгіме керек жоқ. |
| Нам не повезло. | Жолымыз болмай қойды. |
| Нам никто и ничто не может помешать. | Бізге ешкім де, ештеңе де кедергі жасай алмайды. |
| Нам нужна Ваша помощь. - Как я могу вам помочь? | Бізге Сіздің көмегіңіз керек. - Сіздерге қалай көмектесе аламын? |
| Нам нужно всё привести в порядок. | Бізге бәрін реттеу керек. |
| Нам нужно ко всему быть готовым. | Біз барлығына дайын болуымыз қажет. |
| Нам нужно снова всё повторить. | Біз бәрін қайта қайталауымыз керек. |
| Нам нужно уходить. | Кетуіміз керек. |
| Нам нужно хорошо подумать. | Бізге жақсылап тұрып ойлану керек. |
| Нам нужно что-то делать? Времени мало. | Бірдеңе істемесек болмайды. Уақыт тығыс. |
| Нам посредники не нужны. | Бізге делдалдар керек емес. |
| Нам с ними не по пути. | Біздің жолымыз бөлек. |
| Напала икота. | Ықылық тиіп қалды. |
| Напомни мне, пожалуйста. | Есіме түсірші. |
| Напрасно ты сделал! | Бекер істегенсің! |
| Напугал же ты! У меня сердце чуть не остановилось. | Шошыттың ғой! Жүрегім тоқтап қала жаздады. |
| Нас много. | Көппіз. |
| Нас обманули. | Бізді алдапты. |
| Нас свела судьба. | Бізді тағдыр қосты. |
| Настало время переходить от слов к делу. | Сөзден – іске көшетін уақыт келді. |
| Настоящий мужчина, если пообещал, обязательно исполнит. | Нағыз жігіт уәде берсе, міндетті түрде орындайды. |
| Начихать мне на тебя. | Пысқырмаймын мен саған. |
| Наш сосед хороший человек. | Біздің көршіміз жақсы адам. |
| Наша жизнь уничтожена. | Өміріміз құр талқан болды. |
| Наше время истекло. | Бізге бөлген уақыт аяқталды. |
| Нашёл дурака! | Тапқан екенсің ақымақты! |
| Нашёл кого помочь. | Көмектесетін адамды тапқан екенсің. |
| Наши дети выросли. | Біздің балалар өсіп қалыпты. |
| Наши с ним дороги разошлись. | Екеуміздің жолымыз екі айырылды. |
| Не забудь выпить лекарство. | Дәріні ішуді ұмытпа. |
| Не балуйте его. | Оны еркелете бермеңдер. |
| Не бегай туда-сюда. Ты же вспотеешь. | Әрі-бері жүгірме. Терлейсің ғой. |
| Не беси меня. | Жыныма тиме. |
| Не беспокой меня, пожалуйста! | Мазамды алмашы! 2. Мені мазалай бермеші! |
| Не беспокойся об этом. | Оған алаң болма. |
| Не беспокойтесь! | Әуре болмай-ақ қойыңыз! |
| Не бойся ничего. | Ештеңеден қорықпа. |
| Не бойся, когда я с тобой. Я с ними сам поговорю. | Мен тұрғанда қорықпа. Олармен өзім сөйлесемін. |
| Не бойся, я есть, я возле тебя. | Қорықпа, мен бармын, мен сенің жаныңдамын. |
| Не бойся, я рядом с тобой. | Қорықпа, мен сенің қасыңдамын. |
| Не бойся. У меня нет плохих намерений. | Қорықпа. Менің бөтен ойым жоқ. |
| Не болейте, потеплее одевайтесь! | Ауырмаңыздар, жылы киініп жүріңіздер! |
| Не болтай много, пожалуйста. | Көп сөйлемеші. |
| Не бросай хлеб на землю. | Нанды жерге тастама. |
| Не будем его беспокоить. | Оның мазасын алмайық. |
| Не будешь злиться, если я откажусь? - На что мне злиться? |
Бас тартсам, ашуланбайсың ба? - Неге ашуланайын? |
| Не буду вас беспокоить. - Что Вы говорите? Какое беспокойство? |
Сендердің мазаларыңды алмаймын. - Ол не дегеніңіз? Қайдағы мазалағы алған? |
| Не буду Вас мучить. | Сізді қинамай-ақ қояйын. |
| Не буду называть имён. | Аттарын атамайық қояйын. |
| Не буду тебя задерживать. | Сені бөгемеймін. |
| Не будь глупцом. | Ақымақ болма. |
| Не будь неряшливым. | Салақ болма. |
| Не будь расточительным. | Ысырапқор болма. |
| Не будь, как ребёнок. | Жас бала сияқты болма. |
| Не было и не будет! | Болғанда емес, болмайды да! |
| Не в деньгах счастье. | Бақыт ақшада емес. |
| Не важничай. - Кто важничает? |
Бұлданбай-ақ қой. - Кім бұлданады? |
| Не важно. | Маңызды емес. |
| Не ведись на деньги. Не бери взятку. Не ври. Если будешь прочь от этого, я буду защищать тебя. | Ақшаға қызықпа. Пара алма. Өтірік айтпа. Осылардан аулақ болсаң, мен сені қорғаймын. |
| Не верю своим глазам! | Өз көзіме өзім сенбей тұрмын! |
| Не видите что ли? (мн.ч) | Көрмейсіңдер ме! |
| Не вини себя. | Өзіңді кінәлама. |
| Не вмешивай меня в это дело. | Мені бұл іске араластырма. |
| Не вмешивайся в мои дела! | Менің шаруаларыма араласпа! |
| Не вмешивайся в мою жизнь, пожалуйста. | Менің өміріме араласпашы. |
| Не вмешивайся в мужские дела! | Еркектің жұмысына араласпа! |
| Не вмешивайся в наши дела! - Буду вмешиваться. |
Біздің ісімізге араласпа! - Араласам. |
| Не волнуйся, уже всё позади. | Қобалжыма, бәрі артта қалды. |
| Не волнуйтесь, пожалуйста. | Абыржымаңызшы. |
| Не ври, пожалуйста. | Өтірік айтпашы. |
| Не всё так просто. | Бәрі соншалықты оңай емес. |
| Не выводи меня из себя. | Менің ызамды келтірме. |
| Не вынуждай меня говорить. | Тілімді қышытпашы. |
| Не выходи на сквозняк. | Жел өтіне шықпа. |
| Не говори никому об этом, пожалуйста. | Ол туралы ешкімге айтпашы. |
| Не говори о нём, пожалуйста. | Ол туралы айтпай-ақ қойшы. |
| Не говори, что не знаешь. | Білмеймін деп айтпа. 2. Білмеймін деме. 3. Білмейтініңді айтпа. |
| Не говори, что так не делал. | Осылай жасамадым деп айтпа. |
| Не говорите все сразу! | Бәрі бірдей сөйлемеңдер! |
| Не говорите так. | Олай демеңіз. |
| Не говорите, пожалуйста, о невозможных вещах. | Болмайтын дүниені айтпаңызшы. |
| Не говорите, что я не предупреждал! | Ескертпедім демеңіздер! |
| Не горюй! | Мұңайма! |
| Не горячись! | Қызбаланба! |
| Не давай себя в обиду. | Есеңді жіберме. |
| Не дави на меня. | Маған қысым жасама. |
| Не дай Бог. | Құдай салмасын. |
| Не делай вид, что не знаешь. | Өтірік білмегендей болмашы. |
| Не делай вид, что не понимаешь. | Өтірік түсінбегендей болмашы. |
| Не делай так. | Үйтпе олай. |
| Не для детских ушей. | Балалар естімесін. |
| Не доводи меня до греха. | Мені күнәға батырма. |
| Не доставай, пожалуйста, меня с утра пораньше. | Таң сәріден мазамды алмашы. |
| Не думай ни о чём. | Ештеңені ойлама. |
| Не думайте об этом. | Бұл туралы ойламаңыз. |
| Не ждите нас. | Бізді күтпеңіз. |
| Не за что просить прощения. | Кешірім сұрайтын дәнемесі жоқ. |
| Не забудь взять зонтик. | Қолшатырды алуды ұмытпа. |
| Не забудь мою просьбу. | Менің өтінішімді ұмытып жүрме. |
| Не забудь почистить зубы. | Тісіңді тазалауды ұмытпа. |
| Не забудь пригласить на свою свадьбу. | Тойыңа шақыруды ұмытпа. |
| Не забудь то, что я сказал тебе? | Мен айтқанымды ұмытпа? |
| Не забывай меня. Ладно? | Мені ұмытпа. Жарай ма? |
| Не забывайте после туалета помыть руки. | Дәретханадан кейін қолдарыңызды жууға ұмытпаңыздар. |
| Не забывайте, кто я такой. | Менің кім екенімді ұмытпаңыз. |
| Не заморачивайся. | Басынды ауыртпай-ақ қой. |
| Не зарься на чужое. | Өзгенікіне үңілме. |
| Не заставляй гостей работать. | Қонақты жұмсама. |
| Не заставляй их ждать. | Күткізбе оларды. |
| Не заставляй меня повторять. | Мені қайталауға мәжбүрлеме. 2. Мені қайталатқызба. 3. Маған екі рет айтқызба. |
| Не заставляй нас волноваться. | Уайымдатпа бізді. |
| Не защищай меня, это моя вина. | Мені қорғама, бұл менің кінәм. |
| Не зевай, когда говоришь. | Сөйлеп тұрғанда есінеме. |
| Не зевай, широко раскрыв рот. | Аузыңды қатты ашып есінеме. |
| Не злословь никого понапрасну. | Біреуді орынсыз тілдеме. |
| Не знаешь зачем он вызывает? | Ол неге шақырып жатыр білмейсің бе? |
| Не знаю, какая кошка пробежала между вами. | Араларыңнан қандай ала мысық өтіп кеткенін білмеймін. |
| Не играй в азартные игры, не кури, не пей спиртные напитки. | Құмар ойынмен ойнама, темекі шек-пе, арақ ішпе. |
| Не издевайся надо мной. | Мені мазақ қылма. |
| Не ищи проблем, сиди тихо. | Сау басына сақина тілеме, тыныш отыр. |
| Не ищите меня. | Мені іздемеңіздер. |
| Не каждый способен вынести такой груз. | Мұндай жүкті арқалау әркімнің қолынан келе бермейді. |
| Не кричи, перед людьми стыдно. | Айғайлама, жұрттан ұят болады. |
| Не кричи. Детей напугаешь. – Целый день про меня говоришь детям плохое, и настроила их против меня? |
Айқайлама. Балаларды шошытасың. – Күні бойы мені жамандап, балаларды маған қарсы қойғанбысың? |
| Не кричите на меня и не «тыкайте». Я вам не мальчик! | Маған айқайламаңыз, сосын «сен» деп сөйлемеңіз. Мен сізге бала емеспін! |
| Не кричите. | Айқайлай бермеңіз. |
| Не лезь в мою жизнь. | Менің өміріме араласпа. |
| Не ломайся, как девочка, пожалуйста! | Қыз сияқты майыспашы! |
| Не меня, а тебя надо пожалеть. | Мені емес, сені аяу керек. |
| Не могу забыть. | Ұмыта алмай жүрмін. |
| Не могу заснуть. | Ұйықтай алмай жүрмін. |
| Не могу найти. | Таба алмай жатырмын. 2. Таппай жатырмын. |
| Не могу насмотреться. | Көзім тоймайды. |
| Не могу передать словами. | Ауызбен айтып жеткізе алмаймын. |
| Не могу сказать. | Айта алмаймын. 2. Айтуға аузым бармайды. |
| Не можем найти. | Таба алмай жүрміз. |
| Не может быть! | Мүмкін емес! |
| Не можешь проснуться? | Ұйқыңды аша алмай жатырсың ба? |
| Не мучай себя. | Қинама өзінді. 2. Өзіңді қинай берме. |
| Не мысли так узко. | Сонша тар ойламасаңшы. |
| Не надейся, денег нет. | Ақша жоқ, дәмеленбе. |
| Не надо было врать. | Өтірік айтпау керек еді. |
| Не надо было так делать. | Бұлай істемеу керек еді. |
| Не надо на этом заморачиваться. | Оған бас қатырудың қажеті жоқ. |
| Не надо огорчаться. | Қапаланудың қажеті жоқ. |
| Не надо плакать. | Жылаудың қажеті жоқ. |
| Не напоминай, пожалуйста. | Есіме түсірмеші. |
| Не направляй нож, ружье на человека. | Адамға пышақ, мылтық кезенбе. |
| Не начинай снова, пожалуйста. | Бастамашы тағыда. |
| Не нужно быть наивным. | Аңқау болмау керек қой. |
| Не нужно быть пессимистом. | Пессимист болмау керек. |
| Не нужно желать кому-то несчастья. | Біреуге бәле тілемеу керек. |
| Не нужно меня перебивать. | Сөзімді бөлудің қажеті жоқ. |
| Не нужно сидеть дома взаперти. | Үйге қамалып отырудың қажеті жоқ. |
| Не нужно так говорить. | Олай деудің қажетті жоқ. |
| Не обижайся на пустяки. | Түкке тұрмайтын затқа ренжи берме. |
| Не обижайся, пожалуйста. | Ренжімеші. |
| Не обижайся, я не смогу пойти, нет настроения. | Ренжіме, мен бара алмаймын, көңілім болмай тұр. |
| Не обижайтесь на меня. | Маған өкпелемеңіз. |
| Не обманывай меня, пожалуйста. | Мені алдамай-ақ қойшы. |
| Не обманывай сам себя. | Өз-өзіңді алдама. |
| Не обманывай. | Өтірік айтпа. |
| Не обращай на него внимания. | Оған көңіл аудармай-ақ қой. |
| Не обращайте на меня внимание. | Маған назар аудармай-ақ қойыңыздар. |
| Не огорчай меня. | Көңілім қайтарма. |
| Не огорчайтесь, Бог даст, всё обойдётся. | Қамықпаңыз, Құдай оңдаса, бәрі жақсылықпен бітер. |
| Не опоздай на уроки. | Сабаққа қалып қалма. |
| Не оставляй нас в неведении. | Бізді хабарсыз қалдырма. |
| Не отвлекай меня, сынок. | Мені мазаламашы, балам. |
| Не откажи нам в одной просьбе. - Что это за просьба? | Біздің бір өтінішімізді жерге тастама. - Ол қандай өтініш? |
| Не открывайте двери незнакомым людям. | Бейтаныс адамға есік ашпаңыздар. |
| Не ошибись во второй раз! | Екінші рет қателесіп жүрме! |
| Не пей из лужи. | Қақтың суын ішпе. |
| Не перебивай меня, пожалуйста. | Сөзімді бөле бермеші. |
| Не переживайте, всё будет, как надо. | Уайымдамаңыз, барлығы ойдағыдай болады. |
| Не перечь мне. | Маған сөз қайтарма. |
| Не плачь, пожалуйста, как маленькая девочка. | Жыламашы кішкентай қыз құсап. |
| Не плачь. | Жылама. 2. Еңіреме. |
| Не плюйся на улице. | Көшеде түкірме. |
| Не повторяй же моих ошибок. | Қателерімді қайталамасаңшы. |
| Не повторяйте моей ошибки. Пожалеете. | Менің қателігімді қайталамаңдар. Өкінесіңдер. |
| Не подведи меня. | Мені ұятқа қалдырма. |
| Не подумайте, что это правда. | Бұл шын деп ойлап қалмаңыз. |
| Не подумайте, что я бессовестная женщина! | Мені арсыз әйел деп ойлап қалмаңыз! |
| Не подумайте, что я не знаю про это. | Бұны білмейді екен деп ойлап қалмаңыз. |
| Не позорь меня. | Мені масқара қылма. |
| Не позорь себя. | Өзіңді масқара қылма. |
| Не поймешь их. | Оларды түсіне алмайсың. |
| Не показывай мне свой характер. | Мінезің көрсетпе маған. |
| Не показывайте ребёнку. | Балаға көрсетпеңдер. |
| Не получается. | Шықпай жатыр. |
| Не по-моему желанию, а по необходимости. | Қалауыммен емес, қажеттіліктен. |
| Не понимаю, что ты нашёл в этой женщине. | Сол әйелге не үшін қызыққаныңды түсіне алар емеспін. |
| Не понял, повторите, пожалуйста. | Түсінбедім, қайталаңызшы. |
| Не попадайтесь мне на глаза. | Көрінбеңіз көзіме. |
| Не пора ли нам уходить? | Қайтпаймыз ба? |
| Не порть нам настроение. – Не я порчу вам настроение. |
Көңіл-күйімізді түсірме. – Көңіл-күйлеріңді түсіретін мен емеспін. |
| Не портьте себе нервы понапрасну. | Өзіңіздің жүйкелеріңізді бостан босқа тоздырмаңыздар. |
| Не преувеличивай. | Асыра сілтеме. 2. Әсірелеме. |
| Не приближайся! | Жолама! |
| Не приближайтесь ко мне. | Маған жақындамаңыздар. |
| Не приведи Господь! | Құдай басқа салмасын! |
| Не придавай значения, я просто так сказал. | Мән берме, мен жай айта салдым. |
| Не придавай значения. | Мән бермей-ақ қой. |
| Не прикидывайся дурачком. | Өзіңді ақымақтыққа салма. |
| Не прикидывайся простачком. | Аңқаусыма. |
| Не принимайте близко к сердцу. | Жүрекке жақын алмаңыз. |
| Не проспи завтра. | Ертең ұйықтап қалып жүрме. |
| Не проходите мимо. | Жанынан қарамай өтпеңіз. |
| Не пугай. | Қорқытпа. |
| Не пугайте меня так! | Өйтіп мені шошытпаңыз! |
| Не пугайте меня так, пожалуйста! | Өйтіп, мені шошытпаңыз! |
| Не разговаривай с пьяными людьми и попрошайками. | Қайыршы және мас адаммен сөйлеспе. |
| Не раздувай грудь. | Көкірегіңді керме. |
| Не разобравшись, не говори. | Түсінбей сөйлеме. |
| Не разрушай свою жизнь. | Өміріңді бұзба. |
| Не распыляйся на мелочи. | Болмашыға тоздырма. |
| Не расстраивай меня. | Менің көңілім түсірме. |
| Не расстраивайся. | Көңілді түсірме |
| Не робей, пожалуйста. | Жасқанбашы. |
| Не ругай ребенка. | Ұрыспа балаға. |
| Не сводите меня с ума. Говорите уже. | Мені жынды қылмаңдар. Айтыңдар енді. |
| Не сглазить бы мне! | Көзім тимесін! |
| Не сердитесь на меня. | Маған ренжімеңіз. |
| Не сиди на сквозняке. | Желдің өтінде отырма. |
| Не сиди сложа руки, работай. | Қол құсырып отырмай, жұмысыңды істе. |
| Не скучай. – Не буду скучать. |
Зерігіп қалма. – Зерікпеймін. |
| Не следи за мной. | Мені аңдыма. |
| Не слушай никого! | Ешкімді тыңдама! |
| Не слушай эту самовлюбленную женщину. | Бұл өзімшіл әйелді тыңдама. |
| Не смей никому говорить. | Ешкімге айтушы болма. |
| Не смей плакать! | Жылаушы болма! |
| Не смей приближаться ко мне. | Маған жақындаушы болма. |
| Не смейся беспричинно. | Ырбыңдама. |
| Не смейтесь, пожалуйста. | Күлмей-ақ қойыңызшы. |
| Не сожалей о прошлом. | Өткенге өкінбе. |
| Не создавай проблем, пожалуйста. | Қиындық туғызбашы. |
| Не сомневайся. | Күмәнің болмасын. 2. Күмәнданба. |
| Не сори! | Ластама! |
| Не спится? | Ұйқың келмей жатыр ма? |
| Не спорь, не говори крепких слов. | Дауласпа, қатты сөз айтпа. |
| Не спорьте! – Мы не спорим. |
Айтыспаңдар! – Біз айтыспаймыз! |
| Не спрашивай ничего лишнего. | Артық ештеңе сұрама. |
| Не стесняйтесь, будьте как дома. | Қысылмаңыз, өз үйіңіздей көріңіз. |
| Не стоило беспокоиться. – Мы не беспокоились. |
Әуре болмай-ақ қою керек еді. – Әуре болмаған жоқпыз. |
| Не стоит просить прощения, Вы ведь ученик. А ученики ошибаются. | Кешірім сұраудың қажеті жоқ, сіз оқушысыз. Ал оқушылар қателеседі. |
| Не стой над душой, пожалуйста. | Көз алдымда көлбеңдемеші. |
| Не стойте на входе. Проходите. | Кіреберісте тұрмаңдар. Кіріңіздер. |
| Не стони. | Ыңырси берме. |
| Не стучи. | Тарсылатпа. |
| Не суетись зря. | Босқа әбігерленбе. |
| Не суй нос куда не надо. | Кіріспейтін жерге кіріспе. |
| Не суй палец в нос. – Не ковыряйся в носу. |
Саусағыңды мұрныңа тықпа. – Мұрныңды шұқыма. |
| Не считай меня чужим. | Мені өзге деме. |
| Не теряй время. | Уақыт жоғалтпа. |
| Не торопись уходить. | Кетуге асықпа. |
| Не торопитесь, пожалуйста. | Асықпаңызшы. |
| Не трать напрасно деньги. | Ақшаңды бос шағындама. |
| Не тратьте на это свои нервы. У меня самого уже сдают нервы. | Осыған бола жүйкеңізді ауыртпаңыз. Өзімнің жүйкем де жұқарып бітті. |
| Не трогай, маникюр сломаешь. | Ұстамашы, маникюрді құртасың. |
| Не трогайте его! | Тимеңдер оған! 2. Тиіспеңдер оған! |
| Не унижай себя, пожалуйста. | Өзіңді қорлай бермеші. |
| Не усложняй жизнь. | Өмірді қиындатпа. |
| Не успел глазом моргнуть, как год прошёл. | Көзді ашып-жұмғанша бір жыл арта қалды. |
| Не успел спросить. | Сұрауға үлгермедім. |
| Не уходите с пустыми руками, возьмите. | Құр кетпеңіз, алыңыз. |
| Не хитри. | Құлық жасама. |
| Не ходи босиком. | Жалаң аяқ жүрме. |
| Не хочу и думать. | Ойлағым де келмейді. |
| Не шали! | Тентек болма! |
| Небо усеяно звездами. | Аспан жұлдызға толы. |
| Невоспитанные дети. | Тәрбиесіз балалар. 2. Үйлерінде тәрбие көрмеген балалар. |
| Невоспитанный ребёнок. | Көргенсіз бала. |
| Недостатков нет. | Мін жоқ. |
| Некогда с тобой возиться. | Сенімен айналысатын уақыт жоқ. |
| Нелегко быть матерью. | Ана болу оңай емес. |
| Нельзя всех обвинять. | Бәріне топырақ шашуға болмайды. 2. Жұрттың бәрін кінәлауға болмайды. |
| Нельзя играть со спичками. | Сіріңкемен ойнауға болмайды. |
| Нельзя не выпить. | Ішпесе болмас. |
| Нельзя переходить дорогу перед старшими. | Үлкен кісінің жолын кесіп өтуге болмайды. |
| Нельзя показывать язык | Тілді шығармайды. |
| Нельзя потягиваться при людях. | Адамға қарап керілмейді. |
| Нельзя сидеть сложа руки. | Қол қусырып отыруға болмайды. |
| Нельзя ставить на хлеб что-то другое. | Нанның үстіне басқа нәрсе қоймайды. |
| Нельзя так говорить. | Олай айтуға болмайды. |
| Немедленно уходи из этого дома. | Дереу бұл үйден кет. |
| Ненавижу нытиков. | Сарнауықтарды жек көремін. |
| Необдуманный ответ | Ойланбай берілген жауап. |
| Необдуманный поступок. | Ойланбай істелген қылық. |
| Неразлучная пара. | Айырылмайтын жұп. |
| Несколько дней. | Бірер күн. |
| Несколько лет тому назад. | Бірнеше жыл бұрын. |
| Несмотря на это, ты хочешь, чтобы он остался? | Соған қарамастан, оның қалғаның қалаймысың? |
| Несомненно так! | Әлбетте солай! |
| Нет вдохновения. | Шабыт жоқ. |
| Нет возможности приехать. | Келіп кететін жағдай жоқ. |
| Нет ничего интересного. | Қызық дәнеме жоқ. |
| Нет ничего лучше горячей ванны. | Ыстық ваннадан артық ештеңе жоқ. |
| Нет ничего лучше семьи. | Отбасыдан артық ештеңе жоқ. |
| Нет пользы от сожаления. | Өкінгеннен пайда жоқ. |
| Нет такого человека, как мой отец. | Менің әкемдей адам жоқ. |
| Нет у вас ни совести, ни жалости. | Сендерде ұят та, аяу да жоқ. |
| Нет, ничего важного. | Жоқ, маңызды ештеңе емес. |
| Нет, он ничего не сказал. | Жоқ, ол ештеңе айтқан жоқ. |
| Нет, так больше жить нельзя. | Жоқ, бүйтіп өмір сүруге болмас. |
| Нет, ты неправильно понял! | Жоқ, сен қате түсіндің! |
| Неудачный шаг. | Сәтсіз кадам. |
| Неудобно отказать им. | Олардан бас тартқан ыңғайсыз. |
| Нечего надеть… | Киетін түк жоқ… |
| Нечего сказать. | Айтар ештеңе жоқ. |
| Нечувствительный человек. | Тебіренбейтін адам. |
| Ни о чём не думайте. | Ештеңе ойламаңыз. |
| Ни с кем не спорь и не дерись. | Біреумен ерегісіп төбелесуші болма. |
| Нигде не смог найти. | Еш жерден таба алмадым. |
| Никакие родители не пожелают, чтобы их ребенок стал плохим. | Еш ана-ата балам жаман болсын демейді. |
| Никаких изменений нет. | Ешқандай өзгерсіз жоқ. |
| Никаких проблем нет? | Ешқандай қиындық жоқ па? |
| Никакой он мне не друг. | Ол ешқандай менің досым емес. |
| Никогда нам это не изменить. | Ешқашан мұны біз өзгерте алмаймыз. |
| Никогда не говорите ложь. | Ешқашан жалған сөйлемеңдер. |
| Никогда не позволяй себя унижать. | Ешқашанда өзіне қорлауға жол берме. |
| Никогда не сомневайся. | Ешқашанда күмәнданба. |
| Никого не видел. | Ешқайсысын көрмедім. |
| Никому верить нельзя. | Ешкімге сенуге болмайды. |
| Никому не говори, что видел меня. Ладно? | Мені көргеніңді ешкімге айтпа. Жарай ма? |
| Никому не скажешь? | Ешкімге айтпайсың ба? |
| Никому ничего не говори. | Ешкімге ештеңе айтпа. 2. Ешкімге ештеңе деме. |
| Никому ничего не объясняй. | Ешкімге ештеңе түсіндірме. |
| Никто его не заменит. | Ешкім оның орнын толтыра алмайды. |
| Никто же не запрещает. | Ешкім тыйым салмайды ғой. |
| Никто же тебе не мешает. | Саған ешкім кедергі жасап отырған жоқ қой. |
| Никто лично мне не говорил. Но такое мнение я слышал. | Бетіме келіп айтқан адамдар болған жоқ. Бірақ бұндай пікірді мен естігенмін. |
| Никто не заподозрит. | Ешкім күдіктене қоймайды. |
| Никто не пришёл. | Ешкім келмеді. |
| Никто не сравнится с ним. | Оған ешкім тең келе алмайды. |
| Никто не хочет дружить со мной. | Ешкім менімен дос болғысы келмейді. |
| Никто ничего не знает. Не переживай. | Ешкім ештеңе білмейді. Уайымдама. |
| Никто тебя не поймёт, кроме меня. | Менен басқа сені ешкім түсіне алмайды. |
| Никуда не пойдёшь! | Ешқайда бармайсың! |
| Никчемный человек. | Түкке тұрмайтын адам. |
| Ничего лишнего не спрашивай. | Артық ештеңе сұрама. |
| Ничего не будет. | Ештеңе болмайды. |
| Ничего не выйдет. | Ештеңе шықпайды. |
| Ничего не говори. | Ештеңе деме. |
| Ничего не забыли? | Ештеңе ұмытқан жоқсыңдар ма? |
| Ничего не знает, кроме гуляний. | Қыдырудан басқа дым білмейді. |
| Ничего не пойму. Что происходит вообще? | Түк ұқпаймын. Не боп жатыр өзі? |
| Ничего не получается. | Ештеңе шықпай жатыр. |
| Ничего не умеешь делать. | Қолыңнан ешнәрсе келмейді. |
| Ничего неприличного не вижу. | Ерсі ештеңе көріп тұрған жоқпын. |
| Ничего плохого нет. | Жаман ештеңесі жоқ. |
| Ничего подобного. | Тіпті де олай емес. 2. Мүлде олай емес. |
| Ничего страшного нет. | Қорқатын ештеңе жоқ. |
| Ничего страшного, в следующий раз делай с осторожностью. | Ештеңе етпейді, келесіде байқап істе. |
| Ничего страшного, я найду какой-нибудь выход. | Ештеңе етпейді, бір амалын табармын. |
| Ничего такого не было. | Ондай ештеңе болған жоқ. |
| Ничего хорошего из этого не выйдет. | Бұдан жақсы ештеңе шықпайды. 2. Бұның арты жақсы болмайды. |
| Ничем не могу помочь. | Еш қайран қыла алмаймын. 2. Ештеңемен көмектесе алмаймын. |
| Но если ты занят... | Бірақ, қолың бос болмаса... |
| Но и ты должен меня понять. | Бірақ, сен де мені түсінуге тиіссің. |
| Но мне это начинает надоедать. | Бірақ, мен бұдан жалыға бастадым. |
| Но мы его убедили. | Бірақ біз оны көндірдік. |
| Но мы сразу миримся. | Бірақ, көп ұзамай татуласып кетеміз. |
| Но не будь чересчур доверчивым. | Бірақ соншалықты сенгіш болма. |
| Но не говорите, что я сказал. | Бірақ мен айтты деп айтпаңдар. |
| Но он меня не ценит. | Бірақ ол мені бағаламайды. |
| Но откуда вы это знаете? | Бірақ оны қайдан білесіз? |
| Но отпускать руки нельзя. | Бірақ, қарап отыруға болмайды. |
| Но потом не говори, что не предупреждал. | Бірақ кейін айтпады деме. |
| Но потом чтобы не сожалел. | Бірақ кейін өкініп қалып жүрме. |
| Но придётся потерпеть. | Бірақ шыдауға тура келеді. |
| Но сейчас все изменилось. | Бірақ қазір бәрі өзгерді. |
| Но ты бессердечный. | Бірақ сен тас жүрексің. |
| Но ты зря беспокоился. | Бірақ бекер әуре болғансың. |
| Но ты меня не предупредил. | Бірақ, сен мені ескертпедің. |
| Но ты мне должен помочь. | Бірақ сен маған көмектесуге тиіссің. |
| Но у меня есть одно условие. | Бірақ, бір шартым бар. |
| Но что поделаешь? | Бірақ, амал қанша? |
| Но я больше не могу скрывать правды. | Бірақ, мен енді шындықты жасыра алмаймын. |
| Но я не знаю, что мне выбрать. | Бірақ не таңдайтынымды білмеймін. |
| Но я не теряю надежды. | Бірақ үмітімді үзбеймін. |
| Нормально не спал. | Дұрыс ұйықтай алмадым. |
| Ночное происшествие. | Түнгі оқиға. |
| Ночью я тебя видел во сне. | Сені түнде түсімде көріп едім. |
| Ну и вид у них. | Түрлерін-ай. |
| Ну и пусть. | Бола берсін. |
| Ну, а теперь, с вашего позволения, мы пойдём. | Ал енді рұқсат болса, біз жүре берейік. |
| Ну, а ты как думал? | Енді сен қалай деп едің? |
| Ну, говори же, что случилось? | Не болды, айтсаңшы енді? |
| Ну, должна же быть в жизни какая-то радость. | Енді өмірде бір қуаныш болу керек қой. |
| Ну, помогу, чем смогу. | Енді қолыңнан келгенше көмектесейін. |
| Ну, продолжаем дальше. | Ал, ары қарай жалғастыра береміз. |
| Ну, садитесь удобнее. | Ал жайғасыңыз. |
| Ну, так получилось. | Солай болып қалды енді. |
| Ну, теперь их не остановишь. | Ал енді бұларды тоқтата алмайсың. |
| Ну, теперь можно и уезжать. | Енді кете беруге де болады. |
| Ну, теперь это только осталось. | Енді сол ғана қалып еді. |
| Ну, ты даешь. | Сен де қатырады екенсің. |
| Ну, ты мужчина, оказывается. | Әй, азамат екенсің. |
| Ну, хватит, не плачь. | Болды енді, жылама. |
| Ну, что скажешь? | Ал, не дейсің? |
| Ну, это уже другая тема. | Ол енді басқа тақырып. |
| Ну, я постараюсь изо всех сил. | Енді қолынан келгенше тырысамын |
| Нужен, как воздух. | Ауадай қажет. |
| Нужно бить тревогу. | Дабыл қағу керек. |
| Нужно выполнять обещанное! | Берген уәдені орындау керек! |
| Нужно пойти (съездить) выразить соболезнование. | Көңіл айтуға бару керек. |
| Нужно что-то придумать, не причиняя никому вреда. | Ешкімге зияны тимейтіндей бірдеңе ойлап табу керек. |
| Ну-ка, давай мириться. - Хорошо, все прошло, забудем. |
Қане, татуласайық. - Жақсы, бәрі өтті, ұмытайық. |
| Ну-ка, не шумите! | Кәне, шуламаңыздар! |
| Ну-ка, отойдите. | Кәне, былай тұрыңыз. |
| Ну-ка, пошевеливайся! | Қане, қимылда! |
| Нынешняя молодёжь. | Ендігі жастар. |
другие статьи
-
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
29 июля, 22:36 -
22 книги выйдут в свет в рамках проекта «Абай әлемі» в Семее
25 апреля, 1:40 -
Қазақ ордасының тарихындағы таңбалы оқиғалар жылнамасы
17 сентября, 13:47 -
Один из самых высоких флагштоков в Казахстане открыли в Атырау
30 декабря, 21:50 -
Сақтық бата
6 ноября, 14:03 -
Онлайн-выставка к 175-летию Абая проходит в Семее
12 июля, 15:56
