Читаем
Ғибратты әңгімелер: "ҮШБҰРЫШ ЖӘНЕ ТӨРТБҰРЫШ"
3 октября, 22:57Үшбұрыш пен Төртбұрыш тәжікелесіп қалды.
- Текке таласып қайтесің! Бәрібір сенен менің бір бұрышым артық! – деді Төртбұрыш.
- Одан не пайда? – деді Үшбұрыш. – Керісінше, бұрышың неғұрлым көп болса, соғұрлым өзіңе қиын болады.
- Міне бұл тауып айтылған сөз! – деді домаланған Жұмыр Шар. – Маған жұрт қай жағымнан келерді білмейді. Мысалы... «Сегіз қырлы, бір сырлы» болам деп армандаудың заманы баяғыда өткен. Меніңше қырлылар емес, қырсыздар бақытты бүгінде!
- Круглый Дурак! – деді ыза болған Төртбұрыш, қалай орысша сөйлеп кеткенін өзі де байқамай.
(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)
другие статьи
-
Опубликован список грантов на 2020-2021 учебный год
25 мая, 21:04 -
Піл мен әтеш (Абазин ертегісі)
12 ноября, 20:00 -
НА БАЗАРЕ / БАЗАРДА
8 сентября, 13:24 -
Призёром Абаевских чтений стала школьница из Семея
1 сентября, 10:08
