moderator soyle » 16 мар 2020, 04:19 
			
			Сәлем, достар!
Әлемдегі төтенше жағдайға үрейленбей, сақтық шараларын толығымен орындап, сабыр сақтайық.
Кез-келген жағдайда сіздерге қажет болатын маңызды диалогтарды ұсынамыз!
Аман-сау болыңыздар!
У ВРАЧА  /   ДӘРІГЕРДЕ
Впервые ли Вы обращаетесь к врачу?  – Дәрігерге алғаш рет қаралып отырсыз ба?
К врачу обращаюсь в первый раз  – Дәрігерге алғаш рет келіп отырмын
Кто Вас направил?  – Сізді кім жіберді?
Меня к Вам направил(а) участковый врач – Мені учаскелік дәрігер жіберді
В семье нет ли больных?  – Үйіңізде ауру адам жоқ па?
В семье есть больной  человек (в семье больного человека нет).  – Үйімізде ауру адам бар (үйімізде ауру адам жоқ).
Отец (жена) болеет.  Әкем (әйелім) ауырады.
На что Вы жалуетесь?  Что Вас беспокоит?   – Қай жеріңіз ауырады?  – Сізді не мазалайды?
У меня болит живот (сердце, ноги, голова).  – Менің ішім (жүрегім, аяғым, басым) ауырады.
Часто вы болеете?  – Жиі ауырасыз ба?
У меня боли в сердце (в желудке, в пояснице)  – Жүрегім (асқазаным, белім) ауырып отыр
Как болит?  – Қалай (қайтіп) ауырады?
Живот крутит. –  Ішім бұрап ауырады.
В сердце бывает колющая боль.  –  Жүрегім шаншып ауырады.
В ноге ноющая боль.  –  Аяғым қақсап ауырады.
Болит    голова,    особенно виски.  –  Басым ауырады, әсіресе шекем
Дети не болеют?  – Балаларыңыз ауырмай ма?
Мои дети болеют (не болеют).  – Балаларым ауырады (ауырмайды).
Какими болезнями Вы болели в детстве?  – Бала кезіңізде қандай   аурулармен ауырған едіңіз?
Болела в детстве ангиной, корью, дифтерией.  – Бала кезімде баспамен, қызылшамен, күлмен ауырдым.
Разденьтесь до пояса, пожалуйста!  – Белуарға дейін шешініңіз!
Дышите спокойно и глубоко  – Еркін әрі терең демалыңыз
Разденьтесь совсем  – Киіміңізді түгел шешіңіз
Одежду повесьте, пожалуйста, на вешалку  – Киіміңізді ілгішке іліңіз
Снимите обувь (чулки, носки)  – Аяқ киіміңізді (шұлығыңызды) шешіңіз
Ложитесь на кушетку. Ложитесь на спину  – Тақтаға жатыңыз. Шалқаңыздан жатыңыз
А теперь ложитесь на живот  – Ал енді етбетіңізден жатыңыз
Ложитесь на  правый (левый) бок  –  Оң жақ (сол жақ) бүйіріңізбен жатыңыз.
Расслабьтесь, расслабьте живот.  – Денеңізді, ішіңізді бос ұстаңыз.
Я Вам выпишу больничный лист.  – Мен сізге ауырғаныңыз жөнінде қағаз жазып беремін.
Приходите на прием в понедельник (во вторник, среду, четверг, пятницу).  – Қабылдауға дүйсенбіде (сейсенбіде, сәрсенбіде, бейсенбіде, жұмада) келіңіз.