Полезно знать

Наурыз - праздник весны и изобилия

2 декабря, 22:47

  

Пусть Наурыз, великий день
Войдет в Ваш дом, как добрый друг!
Пусть позабудут к Вам дорогу
Печаль, невзгоды и недуг !
Пусть придут в году грядущем и удача и успех !
Пусть он будет самым лучшим, самым радостным для всех!

 

Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын,
нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын,
өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін,
көңілдің кеңитін кезеңі,
Жаңа жыл, жыл басы   - Наурыз құтты болсын!

           

             

Праздник Наурыз – один из самых древних праздников на Земле. Он отмечается уже более пяти тысяч лет как праздник весны и обновления природы многими народам Центральной Азии, а по некоторым данным – и у восточных славян.

Исторические сведения об этом празднике встречаются в трудах многих античных и средневековых авторов. Наурыз - как символ обновления, очищения, прихода весны, зарождения новой жизни, любви и красоты - красной нитью проходит через многие литературные произведения и научные труды гениев средневекового Востока - Махмута Кашгари, Абу Райхан Бируни, Фирдоуси, Алишера Навои, Омара Хайяма. По восточному летоисчислению он соответствует иранскому – Новому году – Наврузу. Из поколения в поколения передавали традиции празднования Наурыза казахи, узбеки, уйгуры.  Таджики называли его «Гульгардон» или «Гульнавруз», татары – «Нардуган», а древним грекам он был известен как «Патрих». Корни праздника можно отыскать древних языческих обрядах. Сама по себе форма празднования с глубокой древности несла в себе принципы любви к природе. Несмотря на давность, этот праздник сохранился в народной памяти, и в настоящее время приобрел новый духовно – этический смысл.

По древнему летоисчислению этот день обычно совпадал с 22 марта – днем весеннего равноденствия. Поэтому казахи назвали месяц март – Наурыз. Считалось, что в этот день происходит обновление в природе, гремит первый весенний гром, происходит набухание почек на деревьях, буйно прорастет зелень. Следует отметить, что Наурыз мейрамы как нерелигиозный праздник весны и обновления имеет общие корни и параллели с проводами зимы и многими другими значимыми моментами в жизни всех народов Казахстана. Если в этот день рождались мальчики, их называли по традиции Наурызбаями или Наурызбеками, а девочек  просто Наурыз или Наурызгуль. Если в этот день выпадал снег, то это считалось добрым знаком. Даже девичью красоту в казахских легендах сравнивают с белым снегом Наурыза, поскольку в марте месяце обычно идет мягкий пушистый снег с особенной белизной.

В далеком прошлом казахи называли Наурыз Днем улуса, - народа или Великим днем улуса. В народе повелось: чем щедрее будет отмечен праздник Наурыз, тем благополучнее пройдет год. Отсюда – изобилие праздничных обычаев и атрибутов. Накануне праздника весеннего равноденствия люди приводили, в порядок жилье, расплачивались с долгами, мирились находившиеся в ссоре, ибо, как утверждали старики, когда Наурыз входит в их дома, все болезни и неудача должны обходить их стороной. В ночь перед торжеством в знак пожелания обилия молока, урожая и дождя все емкости наполняли молоком, айраном, зерном, ключевой водой, а в день Наурыза все старались быть в добром расположении духа, при встрече заключали друг друга в объятия, высказывали самые добрые пожелания, чтобы все невзгоды и беды миновали их.

Празднования Наурыза начиналось традиционной встречей рассвета, связанного со старинным ритуалом – «Если увидишь родник – расчищай его исток». Встречая рассвет, все взрослое население, молодежь и дети, взяв в руки лопаты, кетмени, собирались в условленном месте у родника или арыка и производили его расчистку. Затем все вместе под руководством почтенных стариков производили посадку деревьев. При этом по установившейся традиции произносились слова: «Пусть останется в памяти человека дерево, нежели стадо», «Срубили одно дерево – посади десять!». После исполнения ритуальных мероприятий три человека в образе жыршы – зазывали (глашатая) обходили все улицы, площади, дворы и звали всех на праздник. Они одевались в яркие, праздничные костюмы. Ими могли быть персонажи казахских сказок – Алдар Косе, Жиренше и красавица Карашаш. После этого начиналось праздничное представление. Люди веселились, поздравляли друг друга с наступлением Нового года, желали друг другу добра, пели песни, которые издавна были сложены специально для этого праздника – Наурыз жыр, устраивали борьбу мужчины с женщиной, состязание в скороговорках – жанылтпаш, отгадывания загадок – жумбак. В эти дни готовились много еды, которая символизировала достаток и изобилие в наступающем году. В полдень на установленном месте у селения резали быка и варили из его мяса блюдо «бель - котерер», что означает «выпрямляющий стан», поскольку  бык считался одним из самых сильных животных, и пища из него давала людям силу и выносливость.

Дастархан накрывали в каждой семье. Трапеза приурочивалась к полудню, до и после которой мулла читал молитвы в честь предков. По завершении старший по возрасту из присутствующих давал благословение (бата), чтобы из года в год благополучие не покидало семьи. У казахов при праздновании Наурыза обязательным являлось присутствие числа «7», которое олицетворяет семь дней недели – единицы времени вселенской вечности: перед аксакалами становились семь чаш с напитком Наурыз – коже, приготовленным из семи сортов семи видов злаков. В состав семи компонентов обычно входили мясо, соль, жир, лук, пшеница, курт, иримшик (творог). 

Празднования всегда сопровождалось массовыми играми, традиционными скачками, развлечениями. Самыми известными и любимыми в народе были игры «Айкыш - уйкыш» («Навстречу друг другу») и «Аударыспак», во время которой джигиты перетягивали друг друга из седла. Праздник Наурыз не обходился без спортивной борьбы, участвовать в которой могли не только юноши, но и девушки. Девушка вызывала джигита на состязание с условием, что если он победит, то приобретет право на ее руку и сердце, а если победит она, то джигит должен повиноваться ей и выполнять любые ее желания. В таких случаях Наурыз превращался в свадебные торжества.

Все люди, независимо от пола, возраста и социальной принадлежности, освобождались от повседневных обязанностей и на равных правах принимали активное участие в весельях и играх. В это время снимались всевозможные этические запреты во взаимоотношениях мужчин и женщин, даже те, что всегда существовали между старшим деверем (кайынага) и невесткой (келен). Ученые считают, что эта веселая игра ради забавы есть далекий отголосок свободных встреч и массовых совместных развлечений в дни рождения умершей природы между двумя взаимообручающимися  родами или  фратриятиями,  когда на короткое время снимались запреты и ограничения во взаимоотношениях мужчин и женщин. День заканчивался представлением, где два акына в стихотворной форме состязались в песнях. Их состязания прекращались с заходом солнце за горизонт, когда добро побеждает зло. Затем разжигали костер, и люди с зажженными о него факелами обходили все окрестности селения, пели и плясали, тем самым завершая праздник весеннего обновления и равноденствия.

История праздника Наурыз имеет непростую судьбу. В эпоху сложения тоталитарной системы, когда все национальное было признано несущественным, а все упоминания о традиционном наследии причислены к анахронизмами и пережиткам древности, Наурыз мейрамы был отменен (1926 г.) Впервые после долгих лет забвения в Казахстане он праздновался в 1988 году и, как ни странно, получил широкий общественный резонанс. Официальное признание Праздник Наурыз приобрел 15 марта 1991 года после выхода Указа Президента Казахской ССР «О народном празднике весны – «Наурыз мейрамы».Президент страны объявил 22 марта, день весеннего равноденствия, праздничном днем – «Наурыз мейрамы». С этого времени началось широкое празднование «Наурыз мейрамы» по всей республике.

Безусловно, современные очертания праздника существенно отличаются от их прежнего содержания. Это не только театрализованные представления и богато убранные юрты, вкусно приготовленный наурыз – коже, но и проведение благотворительных акций, народно – спортивных игр, уход ха зелеными насаждениями, посадка деревьев, очистка парковых и других зон отдыха, улиц и площадей.

В наши дни «Наурыз мейрамы» стал общенародным праздником весны, труда и единства. Сегодня этот праздник одинаково дорог всем народам, живущим в многонациональном Казахстане. Древний праздник Наурыз гармонично трансформировался в современную жизнь, сохранив преемственность традиций древности.           

 

                    

Жаңа жыл, жыл басы   - Наурыз құтты болсын!

Тышқан жылы - тыныштық; Сиыр жылы - сыйлық; Барыс жылы - бірлік; Қоян жылы - қамбалы; Ұлу жылы - үлгілі; Жылан жылы - жайлы;

Жылқы жылы - жұтсыз; Қой жылы - құтты; Мешін жылы - мерейлі;

Тауық жылы - табысты; Ит жылы - игілік; Доңыз жылы – дүниелі

Бауыржан Момышұлы

 

Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын басып айту қиын.

Наурыз сөзі иран тілінің ноу – «жаңа», руз – «күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген.

Арабтар жаулап алғанға дейін Күнге табынған Иран елдері наурыз күні күн сөзінің бас әрпі –«шин»-мен басталатын 7 затты дастарханға қоятын:

  1. шарап – тірілу(возрождение);
  2. шир (сүт) – пәктік (чистый, беспорочный);
  3. шырын (тәттілер) – шаттық (ликование, торжество);
  4. шекер (қант) – ризалық (благодарность);
  5. шербет – демалыс;
  6. шам – отқа табыну;
  7. тарақ - әйелдердің сұлулық символы.

 

Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша, 21 наурыз күні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр  түні» деп аталады. Қызыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып персонаж. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының сиволы  - Қызыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.

 

Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?

Қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күні таңғы сағат 3-те қарсы алады екен, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек.

  • Қызыр түні Жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағылып қойылады.
  • «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру- сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сеніммен Наруызға шейін үй-ішінің шаңы қағылып, жуылып тазартылады.
  • «Жыл бойы ақ мол, дән көп болсын» деген ниетпен ыдыс атаулыны дәнге (бидай, тары, арпа, сұлы, жүгері т.б), аққа (сүт, айран, шұбат, қымыз, уыз т.б.) толтырған.
  • Наурыз күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап, соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, "Ұйқыашар" аталатын дәм дайындайды. Ал жігіттер қыздар қарымтасына айна, тарақ, иіссудан тұратын "Селт еткізер" сыйлығын ұсынады. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ - әдемілік пен сұлулықтың, иіссу – жауқазынның, жайнай түсудің белгісі.
  • Наурыз күні көрісуден басталады. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар, кісілер бір-бірімен кездескенде:

     
      - Жасың құтты болсын!

      Ұлыс бақты болсын!

      Төрт түлік ақты болсын!

      Ұлыс береке берсін!

      Пәле-жала жерге енсін! – деп құттықтап,

ер адамдар қос қолдасып, төс соқтырады; ал әйелдер болса құшақтасады; ерлер мен әйелдер кездессе, құшақ айқастырады.

  • Наурыз көже (жеті дәм) – Наурыз мерекесі кезінде ішілетін, жеті дәмнен пісірілетін ырымдық сұйық ас. Ұлыс күні жеті түрлі заттан – соғымнан қалған сүр ет – қыс тағамымен қоштасу; сүт/айран; езілген құрт/сүзбе – дастарханда ақтың мол болуы; бидай (тары, күріш, арпа) – жыл бойына тоқшылық болсын; пияз және сәбіз – көк ырыстың молшылығы; тұз;  Наурыз көжені тойып ішу – жаңа жыл берекелі, молшылық жылы болсын деген тілекті білдіреді.
  • Наурыз күні таңертең ертемен ерлер қолдарына күрек, кетпен алып шығады. «Бұлақ көрсең көзін аш» деп қаумаласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Бір тал кессең, он тал ек!» деген қариялар бұлақ басына тал егеді.
  • Бұрынғы қазақ жұрты Наурыз мерекесін 3 күннен 9 күнге дейін тойлаған. Қазақстан территориясының аумағы өте кең болғандықтан, әр аймағында әр кезде шөп шығып, мал төлдейді, бір шетінде көктем шығып жатқан кезде, екінші бөлігінде қыстың қуаты қайтпай тұрады. Сондықтан Қазақстан тұрғындары 22 наурыз күнін Жаңа жыл деп санағанымен, барлық жерде бірдей осы күні наурыз тойлана бермейді. Батыс Қазақстанда 14 наурызда көріссе, Орталық Қазақстан тұрғындары Жаңа жылды кешірек қарсы алған.
  • Наурыз батасы: Өркенің өссін! Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын! Ұлыстың ұлы күнінде: Ұлың – оңға, қызың қырға қонсын! Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол! Айың тусын оңыңнан, жұлдызың тусын солыңнан! Бақ берсін, Қыдыр дарысын! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! Өмірің атқан таңдай, шыққан күндей болсын! Жаңа айдай жарылқасын, ескі айда есіркесін!

 

Наурызды қалай тойлаған 

Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ол күні қар не жаңбыр жауса, «нұр жауды», «туар жыл жақсы жыл болады» деп қуанған. Наурыз айында жауған қар басқа қарларға қарағанда ерекше аппақ, үлпілдек ұлпа болады да, «ақша қар» аталады. Осыған орай тілімізде мінезі балдай, сұлу  қызға айтылатын «Наурыздың ақша қарындай» деген теңеу бар. Ұлыс күні туған сәбилерге Наурызбай, Наурызбек, Мейрам, Мейрамгүл, Кіріс т.б. аттар қойылып, оларға бір жас қосылады.

Наурыз күнінің бір ерекшелігі – бұл күн көрісуден басталады. Ұлыс күнінде сәлемдесуге қалыптасқан дәстүрі бар: кісілер бір-бірімен кездескенде:

         - Жасың құтты болсын!

         Өмір жасың ұзақ болсын!

         Ұлыс бақты болсын!

         Төрт түлік ақты болсын!

         Ұлыс береке берсін! -

деп құттықтап, ер адамдар қос қолдасып, төс соқтырады; ал әйелдер болса, құшақтасады; ерлер мен әйелдер кездессе, құшақ айқастырады. Қос қолдап амандасып, төс соғыстыру – «өмір тірегім – төсім, тіршілік көзім – екі қолым аман-сау болсын» дегенді білдіреді.

Ұлыс күні жеті түрлі заттан – соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай (тары, күріш), пияз және қазан толы наурызкөже пісіріледі. Әр үйдің дастарқанына ақтан (сүт тағамдары), көк ырыстан (дән тағамдары мен жеміс жидектер) және қызылдан (еттен істелген тағамдар) жеті түрлі дәм қойылады.

Наурызкөженің қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышудың мәнісін білдіреді. Ал Наурыз көжені тойып ішу – «жыл бойына тоқшылық болсын» деген ұғымға саяды. Әдетте Наурыз түнгі қасиетті дәмнен алыс сапарда жүрген адамдарға, қадірменді ақсақалдарға сыбаға сақталады.

Наурыз күні таңертең ертемен ерлер қолдарына күрек, кетпен, ал қыз-келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп қаумаласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал кессең, он тал ек!» деген қариялар бұлақ басына тал егеді. Әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп, «Армысың, қайырымды Күн-Ана!» деп иіліп сәлем береді, «Кеудесі түкті Жер-Ана, құт дарыт, жарылқа!» деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді.

«Ұлыс күні қариялармен көріссем, батасын алсам, болашақ ұрпағыма олардың күш-қуаты дариды» деген сенім бойынша бұл күні жас келіндер көп жасаған, балалы-шағалы, шежіре қарттармен көбірек көрісуге тырысады. Ежелгі Наурыз тойының символға толы ең бір шешуші сәті өгіз сойып, қазан көтеру. Түске таман ауыл адамдары қотан ортасына нарқазан алып шығып, астына от жағады. Жас жігіттер ошақ қасына өкіртіп әкеліп өгіз сояды да, оның бауыздау қанымен ойнап жүрген балалардың маңдайына дөңгелек ою салады.

 

Наурызға қатысты тыйымдар

Наурыз мейрамында мал сойылмайды, жалпы қан шығармайды. «Өсер төлге, көбейер малға кесірі тиеді, мал басы кемиді» деген тыйым бар. Сонымен бірге Наурыз күні шаш, тырнақ алмайды. Өйткені адамның қара тырнағынан бастап, шашына дейін жаңарып, түлейді. Наурыздың бірінші күні, яғни Ұлыстың ұлы күні кір жумайды, жолға шықпайды, құрылыс бастамайды, іс тікпейді, мылтық атпайды, қақпан құрмайды, тұзақ салмайды. Бұл күн – тіршілік әлемінің тойы.

 

Наурызға қатысты өсиет 

Наурызшешек - өте әдемі көпжылдық гүлді өсімдік. «Биыл біреуін үзсең, келесі жылы он гүл шықпай қалады» - деседі.

Бұлақтың көзін ашу – Меккеге сапар шеккендей сауабы үлкен, қасиетті іс. Су бар жерде тіршілік бар, бұлақтың көзі ашылса, су мол болады. Су мол болса, шөп те, гүл де жайқалып өседі, егін бітік шығады. Адамдар мен жануарлар тоқ болады, тоқ болса бір-біріне қастық жасамай, бейбіт жүреді. Бастау-бұлақтардың көзін ашқандарың - өмір-тіршіліктің де көзін ашқандарың.

 

Наурыз күнгі амандасу

«Ұлыс оң болсын, қайда барса жол болсын!», «Ұлыс береке әкелсін!», «Наурыз құтты болсын!», «Қызыр дарысын, бақ қонсын!», «Ұлыс береке берсін, пәле-жала жерге енсін!», «Ақ мол болсын!», «Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар, айдан – аман, жылдан есен өтейік» - деп жатады.

 

Наурыз бата

Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға тағы басқа өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді. Бата жалпы жұртшылыққа, көпшілікке, бүкіл қауымға, ауылға да беріледі. Мысалы:

Өркенің өссін!

Әр күнің Наурыз күніндей

берекелі болсын!

Ұлың – оңға, қызың қырға қонсын!

Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!

Айың тусын оңыңнан.

Жұлдызың тусын солыңнан,

Бақ берсін, Қыдыр дарысын!

 

Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Және наурызда алған батаның орны бөлек. Мұндай батаны «уыз бата» деп дәріптейді.

 

Наурызшешек

Наурыз шешек – Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік (шөп). Әсемдік үшін үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрін кездеседі. Наурыз шешек Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.

 

Жадыңызда жүрсін!

Жыл басында Нұр жауған түн – Қызыр түн 

Жыл басының алғашқы суы – Қарғын

Жыл басының қары – Ақша қар, Құс қанаты

Жыл басының алғашқы күні – Ұлыстың ұлы күні

Жыл басының алғашқы желі – жыл айналып жеткен Алтынкүрек

Жыл басының алғашқы төлі – Дүбір аяқ

Жыл басының бірінші сүті – Уыз

Жыл басының бірінші құсы – Жылқышы торғай, Нәуірізек

Жыл басының бірінші көгі – Бәйшешек, Наурызшешек

Жыл басының бірінші асы – Наурыз көже, көп көже

Жыл басының бірінші тілегі – «Ауызды ақтан айырмасын, қызылды уақтылы көрсетсін!»

 Жыл басының бірінші құттықтау сөзі – «Жасың құтты болсын!»

 Жыл басының бірінші белгісі – көрісу

 Жыл басының бірінші сәлемі –

 Ұлыс бақты болсын!

 Төрт түлік ақты болсын!

 Ұлыс береке берсін!

 Пәле-жала жерге енсін!

 Жыл басының бірінші нысаны – Самалық айту

 Жыл басының бірінші сый тағамы – «Ұйқыашар»

 Жыл басының алғашқы сыйлықтары – «Селтеткізер»

 

 

Ұлылар сөзі

Шәкәрім Құдайберді:

«Наурыз» парсы тілі: Жаңа күн деген сөз. Ескі қазақта (ескі түрікте) Жаңа жыл күнінің аты – Ұлыс. Жыл басының аты Ұлыс екенінің дәлелі – «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Таза ниетті ұлы кісіден бата алса, олжалы болар» деген ескі мақал.


Мәшһүр Жүсіп:

«Қазақтың қазақ бол­ған­да, өзіне арналған, сыбаға­сына тиген жалғыз мейрамы – наурызнама».


Ахмет Байтұрсынұлы:

«Наурыз – қазақша жыл басы. Бұрынғы кезде әр елде наурыз туғанда мейрам қы­лып бас асып, қазан-қазан көже істеп ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып, көрісіп араласып қауышушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, құты наурыздың қай айда, қай күні болуы хақында һәр түрлі сөйленеді. Біреулер наурыз марттың бірінде, екіншілері тоғызында келеді деседі, һәр жұрттың белгілі күнде жаңа жылы туады, ескі жыл бітіп жаңа жыл басталғанда: «Жаңа жыл қайырлы болсын! Бақыт нә­сіп болсын!» деп құттық­тасады, ол күнді мейрам қы­лып шаттықпен өткізе­ді».


Міржақып Дулатов:

«Жер жүзіндегі жұрт­тардың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Мәселен, дін мейрамы, ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы секілді… Наурыз қазақ­тың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды біз­дің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, ар­тықша дәлелді. Неге де­сеңіз, марттың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа ке­неледі. Қыс бойы ақ кебінін жамылып өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жан­ды-жансыздың тірілуі кім­нің болса да көңіліне шат­тық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаздың жетуіне қазақтан артық тілектес, қазақтан артық қуанатын ел жоқ деуге сияды».


Сәбит Мұқанов:

«Наурыздамада» жұрт қысқы соғымның шекесін асып, бір-бірін қонаққа ша­қырып, қарындағы майды бастайтын. Үлкендер «жыл­дың жерге түскен кезі осы уақ» дейтін».


Сәбит Дөнентаев:

«Марттың 22-сі күні – Наурыз мейрамы (Жаңа жыл) екенін қазақ ба­ласының көбі біледі. Бұл мей­рам – дін мейрамы емес, ұлт мейрамы. Те­гінде Наурыз ұлт мейрамы болғандығының үстіне оның тарихи маңызының терең­дігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуа­тын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын»


Сұлтанбек Қожанов:

«Наурыз мұсылмандықтан бұрын шыққан мейрам. Наурыз ел шаруасымен күн көріп, табиғат шарт­тарына тұр­мы­сы көбірек байланысқан ел­дің тұрмысы тудырып отыр­ған мейрам. Жұрт қысқы қысым­шы­лықтан құ­ты­лып, малы жұт қаупінен құтылып, оның қалған малы балалап, қарасы көбейіп жатқан, өздері егін шаруасына қам қылып, қасиетті жаз маусымында байлығын мо­лайтудың, табиғаттың иіп тұрған кезінде қолынан кел­генінше көп өндіріп қалудың шарасын істеп, абыр-сабыр болып жатқан ел шаруа­лары­ның талабы қозған ең көңілді уақыты – көктем. Сол көктемнің басы – Наурыз…»

другие статьи