Слабовидящим
Поиск

Полезно знать

Какой сон Вы видели? / Қандай түс көрдіңіз? / материал к 13 уроку

2 декабря, 18:28

Увидев ночью тревожный сон, казах наутро трижды плюет на землю со словами «Түс – түлкінің тезегі \ Сон - что лисий помет».

У каждого народа есть толкователи снов. И казахские предсказатели пытались через сны заглянуть в будущее. В преданиях много сказано о знаменитых людях, предугадавших события через сны и заранее принявших верные решения.

К примеру, точно сбылись предсказания снов Шакшака-Жанибека Абылай-ханом, Абылай-хана Бухаром-жырау, сон Қыз Жібек.

Если сон не предвещает ничего хорошего, не стоит обреченно ждать всеминуемой беды. По этому поводу есть поговорка: «Түсті көрушіден емес - жорушыдан» - «Сон – от предсказателя». Вот некоторые толкования снов из наблюдения известных людей и поверья казахского народа: 

- Түсіңде ұшып жүрсең, өмірде бақытты боласың. – летишь во сне, - наяву будешь счастливым. 

- Түсіңде жүзім жесең, - сені бақыт күтіп тұр және ісің оңалады – если во сне ешь виноград, тебя ждет счастье и дела пойдут на поправку.

- Түсіңде тары көрсең, тілегің орындалады – если снится пшено, исполнится желание.

- Түсіңде гүл өсіп тұрған бақша көрсең, қуанышты хабар аласың – если снятся цветы, сады, - получишь радостное известие.

 

түске кіру → присниться
түске сену → верить в сновидения
түс сияқты → как сон
түсінде көргені өңінде келді, түсі келді → сон в руку
түсімді жоры! → отгадай мой сон!
түс жорушы → снотолкователь

 

Егер адам түсінде: 

- Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
- Жақсы көйлек кисе  - кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.     
- Өзінің өліп қалғанын көрсе -  онда өңінде ұзақ жасайды.
- Кісі  әйелдің қойнында жатса -  онда өңінде оның дәулеті артады.
- Тыржалаңаш жүрсе - өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.
- Басына тәж кисе - онда ол өңінде байлыққа ие болады.
- Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау - бақытты болудың нышаны.
- Жылаған болса – өңінде қуанады.
- Аспанда тұрған айды көрсе - өте жақсы белгі,  мұратына жетеді.
- Күнді көрсе - мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.        
- Жұлдыздарды көрсе - балаларының дәрежесі жоғары болады.
- Өзен көрсе -  кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.
- Баққа кіріп, оны аралау - жақсылықтың белгісі.
- Қызыл гүл көрсе - онда өңінде бай болады.
- Бал арасын қуып жүрсе  - өңінде пайдаға жолығады.
- Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.
- Суда жүзіп жүрген балықты көрсе - адам өңінде перзент сүйеді.
- Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе - онда өңінде жақсы табысқа жетеді.
- Үйіне түскен ұрыны көрсе -  онда ол өңінде табыс табады.
- Шашын алдыратын болса -  онда ол өңінде кедейленеді. 
- Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.
- Үйленген болса   - тілеп жүргеніне  жетеді.
- Алтын көретін болса -  онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді.
- Жағымсыз иіс - өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.
- Қолын жуса - өңдегі мазасыздықтан арылу.
- Көпірден өткен кісі -  өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.
- Әлдекімді ұрып-соқса - онда дұшпанын кекетеді.
- Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе - жақсы нышан.
- Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман.
- Тісін сындырып алу - өңде досын жоғалтып алу.
- Ақ түсті киім кисе -  онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз.
- Сары түсті киім кисе -  онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.
- Қызыл түсті киім кисе - онда ол өңінде ел билеген болады.
- Қара түсті киім кисе - өңінде қайғыға ұшырайды.
- Құс ұстап алатын болса -  онда ол өңінде үйленеді.
- Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.
- Қыранды көрсе - дәрежеге ие болады.
- Көгершінді көрсе -  өңінде оның ісі оңғарылады.
- Ақ қоян енсе - онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе - онда қыс жайлы болады.
- Ит қабатын болса - өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.
- Ас ішсе - өңінде мол дәулетке ие болады.
- Ет жесе -  өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.
- Алма жесе -  өңінде тілегіне жетеді.
- Балық ұстап немесе жеп жүрсе - өңінде дәулеті артады.          
- Жылан қуса -  әйелдердің арбауына түседі. 
- Сақалы ағарса - ауруға ұшырайды. 
- Үйі құлағанын көрсе -  ұрыс-керіс болады. 
- Пышақ қайраса - қауіп-қатер болады. 
- Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.

 

«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші,  түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін.

Ең бастысы - түсімізді тек жақсылыққа жори білейік!

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!