Слабовидящим
Поиск

Новости и объявления

Мұғалімдер күніне арналған конкурс

11 сентября, 12:25

 

Құрметті оқырмандар!

Ұстаздың біздің өміріміздегі маңызын бағалау мүмкін емес, сондықтан Мұғалімдер күні әлемнің көптеген елінде аталып өтіледі. Қазақстанда мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтау дәстүрі 1965 жылдан бастау алады.

Биыл мұғалімдер күні 3 қазанға келіп тұр. Осы айтулы датаға орай, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры байқау жариялайды!

Біз өзіміздің оқырмандарымыздан ең алғашқы немесе ең сүйікті мұғалімі туралы қызықты әңгімелер күтеміз.

Осы мәртебелі мамандықтың мән-маңызы немесе үздік ұстаздың өмірі туралы әңгімелеуге болады. 

Байқауға шығармашылық құттықтаулар мен ізгі тілектер жазған авторлар да қатыса алады.

Біз сіздің барлық әңгімелеріңізді, жүрекжарды тілектерге толы жазбаларыңызды қуана қабылаймыз әрі олардың барлығы ерекше әрі құнды екеніне сенімдіміз! Сол себепті, ең үздік 20 пост таңдалады. Содан кейін жеңімпаздар үздік посттар арасынан кездейсоқ таңдау арқылы анықталады.

Қатысушыларға арналған шарттар қарапайым:

1. Біздің аккаунттың оқырманы болу керек, осы жазбаға «лайк» қою керек, «қатысамын» немесе «участвую» пікірін жазу керек.

2. Пост жазып (қазақ немесе орыс тілдерінде) және оны ашық жеке аккаунтқа (ұйымның аккаунты жарамайды) 2020 жылы 25 қыркүйек, сағат 17-ге дейін жариялау. 

3. Сіз жазған посттың астында (немесе мәтіннің ішінде) @nazarbayevfoundation белгісін қойып, #МеніңСүйіктіҰстазым және/немесе #МойЛюбимыйУчитель хэштегін қою керек. 

Балағат сөздер мен біреуді қорлауға толы жазбалар қабылданбайды.

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!