Новости и объявления
Павлодарда жаңа оқу жылында барлық мектепте қазақ сыныптары ашылады
28 мая, 14:42Биылғы оқу жылында Павлодар қаласындағы барлық мектепте қазақ сыныбы ашылады. Бұл өз кезегінде аралас мектептің санын көбейтеді деп хабарлайды Dalanews.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеп.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Қуаныш Қыдыралинның айтуынша, бүгінгі күні қалада қазақ сыныптары жоқ 4 мектеп бар.
– Бұл – № 23, 16, 34 және 13 жалпы орта білім беру мектептері, – дейді Қуаныш Қыдыралин. – Жаңа оқу жылынан бастап осы мектептерде қазақ сыныптары ашылады. Бұл мақсатқа қосымша бастауыш сынып мұғалімдері жұмысқа қабылданады. Осы орайда, ата-аналар балаларын қазақ тілінде оқытуға ниет білдірсе екен деген сұранысымыз бар.
Себебі, көптеген ата-аналар өзіміздің тіліміз шорқақтау, баланы оқытуға қиын болады деген түрлі сылтаулармен балаларын орыс сыныптарына береді. Ашығын айтқанда, ата-аналар тарапынан жоғары деңгейде сұраныс бар деп айта алмаймыз.
Бөлім басшысының орынбасары қазақ сыныптары ашылатын мектептерде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Облыс орталығында барлығы 43 жалпы орта білім беру мектебі бар. Оның ішінде біреуі – жеке меншік, 31-і – аралас, сегізі – қазақ және төртеуі – орыс тілінде білім береді.
Еске сала кетейік, биыл Павлодарда балаларды 1-сыныпқа тек онлайн қабылдайды. Қала мектептеріне болашақ бірінші сынып оқушыларын қабылдау 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі.
другие статьи
-
МІНЕЗ ДЕГЕН НЕ?
22 июля, 7:07 -
МАМАНДЫҚ / ПРОФЕССИЯ
4 апреля, 22:16 -
Сначала года внедряется проект "Құндылықтарға негізделген білім беру"
21 августа, 12:04 -
Грант фонда Нурсултана Назарбаева дал старт социальному радио
27 августа, 4:11 -
Свой дом – своя колыбель / материал к уроку 3
2 декабря, 18:44 -
Телеканал «Халық арна» открыли в Казахстане
4 ноября, 5:59