Слушаем (песни с текстами)

Дос-Мұқасан тобының орындауындағы әндер

22 апреля, 9:18

16 қыз 


-_-_16_1.mp3

Астыма мінген атым генадушка,
Шабамын көңіл ашып немношка.
Не керек бұл дүниеде жить етуге,
Азырақ ойнап-күлмей, молодушка.

Зұлқия-ай, Ұрқия-ай,
Қатира-ай, Сағира-ай,
Күлзира-ай, Назира-ай,
Нағима-ай, Батима-ай!

Әшекей қыз Айжан-ай,
Бәлекей қыз Балжан-ай,
Толықсынған Маруся-ай,
Тындаушы еді-ау, сәлем-ай!

Қайда кетті Раиса-ай?
Я люблю тебя, Рая-ай!
Қарағым, айналайын, черный көзім,
Никогда не забуду айтқан сөзің.

Втарой, третей сорттар толып жатыр,
Первый сорт қайдан тудың сенін өзің?


Зұлқия-ай, Ұрқия-ай,
Қатира-ай, Сағира-ай,
Күлзира-ай, Назира-ай,
Нағима-ай, Батима-ай!

Әшекей қыз Айжан-ай,
Бәлекей қыз Балжан-ай,
Толықсынған Маруся-ай,
Тындаушы еді-ау, сәлем-ай!

Қайда кетті Раиса-ай?
Я люблю тебя, Рая-ай!

 

Алатау

-_-_.mp3

Алып тұлға байсалды
Манаурараған Алатау.
Қызыл-жасыл гүлдерің
Алаулаған алатау,
Манаураған алатау,
Алаулаған алатау.

Қ-сы:

Шыңына көз жетпес,
Көркіңе сөз жетпес.
Басыңнан қар кетпес
Өзіңе тау жетпес.
Өңірің гүлді
Өмірің жырлы
Жадырап жайдарлым
Бақыт нұр шашқан
Даңқың бар асқан
Атыңнан айналдым.

Заңғар тасы бұлттарға
Айбат берген Алатау.
Өр тұлғасы жастарға
Қайрат берген Алатау
Айбат берген Алатау
Қайрат берген Алатау.

Қ-сы

Қыз бейнелі гүліңді
Жұлып алсам шіркін-ай,
Шежіредей сырыңды
Түйіп алсам шіркін-ай,
Жиып алсам шіркін-ай

 Ауылың сенің іргелі 


-_-___.mp3

Жайсыз жерде жабағы көреалмаймын ай

Сенсіз жерде ойнап мен күле алмаймын ай

 

Аулың сенің іргелі шай көйлегің бүрмелі

Айтарыңды айтып қал отырмын ғой жүргелі

Қош бол саулем көргенше қайта айналып келгенше

Уәдеңе берік бол мен сендікпін өлгенше

 

Кішкентайдан бірге өскен айяу құрбым ай

Сенсіз қалай енді мен жүре аламын ай

 

Аулың сенің іргелі шай көйлегің бүрмелі

Айтарыңды айтып қал отырмын ғой жүргелі

Қош бол саулем көргенше қайта айналып келгенше

Уәдеңе берік бол мен сендікпін өлгенше

 

Көркем жігіт сұлу қыз міне сондаи ай

Неге кеттің шіркін ай сол арадан ай

 

Аулың сенің іргелі шай көйлегің бүрмелі

Айтарыңды айтып қал отырмын ғой жүргелі

Қош бол саулем көргенше қайта айналып келгенше

Уәдеңе берік бол мен сендікпін өлгенше 

 

Алматы түні 


-_-__i1.mp3

Жұлдыздар жерге жақындап

Байланып қалған секілді 

Қаз-қатар тұрган жасыл бақ 

Ойланып қалған секілді

 

Алматы түні, Алматы түні 

Уйқымды менің ұрлады 

Алматы түні, Алматы түні

Мен болып танын жырладым 

 

Алатау алтын лағындай 

Сәукеле киіп тұр үнсіз

Ұқсайды көрші ағынға 

Алатау арман ағын саз 

 

Ахау бикем 


-_-__.mp3

Ахау, бикем, жар-жар, 

Алма мойын, ақ сұңқар. 

Қош-есен бол, құрбым-ай, 

Құрбылықпен жүрдім жай, 

Бір күн ауру, бір күн сау,

Таба алмадым бабыңды-ай. 

Өткен іске өкінбе, 

Бір келмесін білдім-ай.

 
Қозыбақтың қызы едім, атым Ұмсын,

Серттен тайған жігітті 

Құдай ұрсын. 


Ахау, бикем, жар-жар, 

Алма мойын, ақ сұңқар.

Қош-есен бол, құрбым-ай, 

Құрбылықпен жүрдім жай, 

Бір күн ауру, бір күн сау, 

Таба алмадым бабыңды-ай. 

Өткен іске өкінбе,

 Бір келмесін білдім-ай. 


Ақбоз үйдің ішінде мен отырсам, 

Мені іздеген жігіттер үйге кірсін. 

Ахау, бикем, жар-жар, 

Алма мойын, ақ сұңқар.

Қош-есен бол, құрбым-ай,

Құрбылықпен жүрдім жай, 

Бір күн ауру, бір күн сау, 

Таба алмадым бабыңды-ай. 

Өткен іске өкінбе, 

Бір келмесін білдім-ай.  

Жайдарман


-_-_.mp3

Көрінсеңші көзіме егіндей боп

Жаңа шыққан егіннің көгіндей боп

 

Қайырмасы:

Жайдарман қара көз

Жақсы құрбым майдай сөз

 

Аңсап шаршап алыстан келгенімде

Жан көрінбес көзіме өзіңдей боп

 

Қайырмасы:

Жайдарман қара көз

Жақсы құрбым майдай сөз

 

Айналайын көзіңнің қарасынан

Хат жазамын қасыңның арасынан

 

Қайырмасы:

Жайдарман қара көз

Жақсы құрбым майдай сөз

 

Күндіз-түні аулыңнан шықпас едім

Мен қорқамын дұшпанның табасынан

 

Қайырмасы:

Жайдарман қара көз

Жақсы құрбым майдай сөз

 

Жайдарман жақын кел

Жан кар етем, қолың бер 

Куә бол


-_-__.mp3

Көзімді  жұмсамда көрем сені,

Еседі арманның қоңіржелі.

Куә бол алатау бақытыма,

Куә бол көк терек көлеңкелі.

 

Куә бол жұлдыз,

Куә бол айым,

Куә бол алатауым.

 

Көп іздеп  мен  оны таптым,

Бастадым бір әнін махаббаттың.

Аққайың аялап  арманымды,

Куә боп көк өзен күліп жатты.

 

Куә бол жұлдыздар жымыңдасқан,

Куә бол аппақ ай, ашық аспан.

Алданба жүрегім енді қайтып,

Арманға кезінде есік ашқан. 

Ләйлім шырақ 


-_-_-.mp3

Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ?

Жаңа таптым аулыңды көптен сұрап.

Жел тимесе жан тимес деп жүргенде,

Қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ.


Аққу едің таранған айдындағы,

Ұштың ұзап қанатың жайдың-дағы.  

Көлеңкеңді көрсетпей кете бардың,

Қол алысқан сертіңнен тайдың-дағы.


Осылай ма еді, ей, қалқа, айтқан сертің,

Жүрегімді жандырды ғашық дертің!

Мұнша неге сен мені әуреледің,

Болмаған соң әуелде баста еркің?! 

Сұлу қыз


-_-__1.mp3

Таңертеңмен бір сұлу қыз

Суға келеді, суға келеді, суға келеді

Ат жетектеп бір жас жігіт

Еріп келеді, еріп келеді еріп келеді

 

    Тоқтаңыз сұлу қыз су іздеген

    Танысқым келеді менің сізбен

    Айттыңыз атыңыз кім болады

    Танысып көрмеген бұрын қызбен

 

Менің атым неге керек

Айтшы жас жігіт, айтшы жас жігіт, айтшы жас жігіт

Бір көргеннен қалдыңыз ба

Мені шын сүйіп

 


другие статьи