Говорим (аудио разговорники)

НА ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНОМ ВОКЗАЛЕ / ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНДА

9 сентября, 18:30

jfvokzall.mp3

 

НА ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНОМ ВОКЗАЛЕ  /  ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНДА 

Как проехать на вокзал?

–    Вокзалға қалай барсам екен?

Скажите, пожалуйста, до какой станции идет этот поезд?

– Айтып жіберіңізші, мына пойыз қай стансаға дейін барады?

Этот поезд идет до станции Шыганак

– Бұл пойыз Шығанақ стансасына дейін барады

Сколько станций от Астаны до Шымкента?

– Астанадан Шымкентке дейін неше станса бар?

Посмотрите маршрут. Он у входа в вагон

– Вагонға кіре берісте пойыз бағыты ілулі тұр, содан қараңыз

Сколько часов поезд идет до Тараза?

– Таразға дейін пойыз неше сағат жүреді?

Поезд едет до Тараза ... ... часов

– Таразға дейін пойыз ... сағат жүреді

Дайте, пожалуйста, билет до Актюбинска, в купейный вагон

– Маған Ақтөбеге дейін купелі вагонға билет беріңізші

На какое место дать билет?

– Сізге билетті қай орынға берейін?

Пожалуйста, дайте мне верхнее место

– Маған жоғарғы орынды беріңізші

Пожалуйста,  дайте нижние места

– Маған төменгі орындарды беріңізші

Сколько часов поезд идет до Актобе?

– Пойыз Ақтөбеге дейін неше күн жүреді?

Посадка на поезд № 7 уже началась?

– № 7(жетінші) пойызға отырғызу басталды ма?

Да, посадка на поезд № 7 уже началась

– Иә, № 7(жетінші) пойызға отырғызу басталды

Как пройти на вторую платформу ?

– Екінші платформаға қалай баруға болады?

Можно пройти через тоннель

– Тоннель арқылы өтуге болады

другие статьи